2024-2025 оқу жылына арналған «Биология және экология» кафедрасының
САПА САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАРЫ
Мақсаттың атауы | Мақсат мазмұны | Критерийлер |
Басқарушылық | Кафедраның басқару тиімділігін қамтамасыз ету. | Кафедраның ПОҚ функциялары мен өкілеттіктерін бөлу: ПОҚ кафедра жұмысына 100 % қатысуы, еңбек тәртібін 100 % сақтауы, тәртіпті бұзушылықтарға жол бермеуі, қызметкерлердің демалысын ұйымдастыруы (1 шығу). |
Оқу | Кафедраның ПОҚ білім беру қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету. | Өткен оқу жылымен салыстырғанда кафедра пәндері бойынша үлгерімнің 0,5 балға өсуі. Кафедра жоспары бойынша 1 шетелдік ғалымды дәріс оқуға шақыру. «Торайғыров университеті» КЕАҚ көптілді білім беруді енгізу бағдарламасына сәйкес, аталған бағдарламаға 36 магистрант пен 8 докторанттың қатысуы. Академиялық ұтқырлық шеңберінде 3 студент, 1 магистранттың қатысуы. |
Әдістемелік | Әдістемелік әзірлемелердің сапа деңгейін арттыру, практика базаларын кеңейту. | Оқулықтарды, оқу құралдарын және әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және шығару (4 әзірлеме), кафедраның 6 әдістемелік семинарын өткізу, 21 ашық дәріс өткізу. ПОӘК және МОӘК жинақталуы – 100 %. |
Ғылыми | Кафедраның ҒЗЖ тиімділігін қамтамасыз ету. | Шетелде тағылымдама (2 адам). Импакт-факторы бар мақалалар жариялау – 7, енгізу актілері –5, монографиялар (2 әзірлеме). PhD докторлық диссертацияларды қорғаудың күтілетін саны – 2, магистрлік диссертацияларды – 27. Кафедра студенттері, магистранттары, докторанттары мен ПОҚ оқу жылы бойына конкурстарға, олимпиадаларға, гранттарға, жобаларға қатысуы. Мемлекеттік бюджет, шаруашылық келісімшарт ҒЗЖ және коммерцияландыру жобалары кафедраның ПОҚ орындалуы – 5 адам. |
Тәрбиелік | Тәрбие жұмысының сапа деңгейін арттыру. Мемлекеттің мақсаттарын айқын көретін, жоғары эрудициясы, мәдениеті бар мамандарды, зиялы қауымның саяси жетілген өкілдерін қалыптастыру. | Тәрбие жұмысы бойынша айына 1 рет кураторлық сағат және 50 іс-шара өткізу. |
Шаруашылық | Кафедраның материалдық-техникалық базасының өсуін қамтамасыз ету. | Оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға өтінім беру (30 атау). Мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім-шарттық ҒЗЖ орындау шеңберінде компьютерлік техника мен зертханалық ыдыстарды сатып алу. |
Маркетингтік және кәсіптік бағдар беру | Өңірлік білім беру нарығында көшбасшылықты қамтамасыз ету. | Индикативтік жоспар шегінде студенттерді қабылдауды және түлектерді 100 % жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету. Кафедраға бекітілген № 9, 24, 40 мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізу. /arm/storage/files/6731ed464aa956.13828838.pdfТалапкерлерді тарту – 115 адам. |
Кафедра отырысында талқыланды және мақұлданды (2024 жылдың 27 тамызынан № 1 хаттама)
«БжЭ» каф. меңгерушісі А. Калиева
Келісілді:
ЖҒФ деканы М. Елубай
Тел: 8 (7182) 67-36-68, (ішкі 1257)