Оқу-зертханалық базасы

8 мамандандырылған кабинет және 1 зертхана кафедраға бекітілген.

Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және экологиялық бақылау кабинеті

А-414 – Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және экологиялық бақылау

Кабинетте келесі пәндер бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіледі: өмір қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу, техника мен технологияның қауіпсіздігі, қоршаған ортаны өнеркәсіптік шығарындылардан қорғау, химиялық және биологиялық қауіпсіздік негіздері. Зертханалық қабырғалар стандартты жинақталыммен жабдықталған: тиімділік және жарық түсіру сапасы; дыбысты естіртпейтін дыбыс оқшаулауыш, қорғаныстық жерлендіру және нөлдендіру, т.б.

Омыртқалылар зоологиясы кабинеті

 

А-418 – Омыртқалылар зоологиясы

Кабинетте келесі пәндер бойынша сабақтар жүргізіледі: омыртқаны зоология, жануарлардың салыстыру морфологиясы, орманды жануарлар мен құстардың биологиясы және т.б. Техникамен қатар микроскоптар, микропрепараттар, омыртқалылар зоологияның негізгі – тақырыптарына арналған препараттар колданылады.

Энтомологиялық мұражай

 

А-413 – Энтомологиялық мұражай

Кабинет келесі пәндер бойынша сабақтарға арналған: жануарлар әлемінің биоәртүрлігі, экологиялық биология, биологияның оқыту әдістемесі, палеонтология, Павлодар облысының палеонтологиясы, Қазақстанның биоресурстары, эгологиялық биология, табиғатты қорғау заңнамасы.Сабақ үстінде студенттер планшет, кестелер мен анықтамалық материалдарды қолданады.

Энтомологиядан ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі (жәндіктердің тәуліктік және маусымдық белсенділігі).

Микроскоптар арқылы жәндіктердің морфологиялық ерекшеліктері бойынша түрлік құрамы анықталады

Адам анатомиясы мен физиологиясы кабинеті

 

А-416 – Адам анатомиясы мен физиологиясы

Кабинетте келесі пәндер бойынша дәріс, тәжірибиелік, лабораториялық сабақтар жүргізіледі: адам анатомиясы, адам және жануармен физиологиясы, жасөспірім анатомиялық ерекшеліктері, адам биологиясы. Лабораториялық және тәжірибиелік сабақтарды жүргізуге микроскоптар, микропрепараттар, планшеттер, кестелермен жабдықталған кабинет.

А-421 - Жалпы экология кабинеті

Кабинет Экология, Адам экологиясы, Экологиялық білім және дүниетаным, Мамандыққа кіріспе, Қоршаған орта туралы ілім, Табиғатты пайдалану негіздері пәндері бойынша аудиторлық сабақтарды жүргізу үшін қажет кестелер, планшеттермен жабдықталған.

А-520а - Биоэкология кабинеті

Кабинет Экотоксикология, Қоршаған орта мониторингі, Өнеркәсіптік экология пәндері бойынша аудиторлық сабақтарды жүргізу үшін қажет кестелер, планшеттермен жабдықталған. Сонымен қатар мұнда әртүрлі мамандықтар бойынша лабораторлық жұмыстарды жүргізу үшін микроскоптар мен реактив кешендері бар.

А-415 - Биология кабинеті

Кабинет пәндер бойынша аудиторлық сабақтарды жүргізу үшін қажет кестелер, планшеттермен жабдықталған. Сонымен қатар практика кезінде студенттер мен оқытушылар жинаған гербарий. Кабинет Биологиялық экология, Өсімдіктер, жануарлар мен микроағзалардың биоалунтүрлілігі, Өсімдіктер экологиясы, Ботаника, Топырақтану пәндерін жүргізуге арналған.

Азаматтық қорғау кабинеті

А-311 - Азаматтық қорғау

2021 жылдың ақпан айында ТЖ Департаментімен және Қазақстанның Қызыл Жарты ай еріктілерімен бірлесіп, Торайғыров университетінің базасында азаматтық қорғау кабинеті ашылды, Меморандумға қол қойылды. Қос тарап қызметкерлерді кәсіби даярлау, университеттің волонтерлік қозғалысын дамыту туралы уағдаласты. Сонымен қатар, құтқару құрылымдары мен волонтерлердің ынтымақтастығын кеңейту туралы келісілді. Азаматтық қорғаныс кабинетінде студенттер техногенді және табиғи жағдайдағы оқыс оқиғалар кезінде әрекет ету дағдыларына үйренбек.

 А-437 Дендрохронология лабораториясы

Жұмыс бастау  кезеңі 2013 жылдан бастан  ( лицензиясы, паспорты бар,  LINTABТМ 6 приборы тексеруден өтіп, сертификаты бар)

Лаборатория   дендрохронологиялық зерттеулер үшін арналған.

Лабораторияда  - LINTAB-Digital linear positioning приборы бар, модель  LINTABТМ 6. Жағдайы жаңа, шығару жылы - 2009.  Инвентарлық номері 123092322.

Бағасы 24735 € (4 575 975 тг.)

Лаборатория негізінен зерттеулік бағытта жұмыс жасайды, магистранттар мен докторанттар және кафедра оқытушылары дендрохронология бойынша зерттеу жұмысын жасайды.  

Студенттер егіндік тәжірибеде

Омыртқалылар мен омыртқасыздар зологиясы бойынша алынған теориялық және тәжірибелік білімдерін бекіту үшін оқу жоспарына сәйкес студенттер-биологтер тәжірибе жетекшісімен Баянауылға барады, сондай-ақ биология мен экологияның көріністік құрамымен танысу және де аумақтағы жануарлар әлемінің биотопиялық таралуының ерекшеліктерімен танысу мақсатында Павлодар қаласының сыртына шығады. Егіндік жағдайда студенттер жануарлар материалдарын жинау мен өндірудің негізгі әдістерін игереді.

Егіндік тәжірибе бойынша есеп беру түрінде студенттер келешекте оқу үрдісінде қолданылатын коллекциялық материалдарды дайындап тапсырады.