АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Торайғыров университеті» КеАҚ
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті
«Философия және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы
ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада
«PostHumanum: болашақ мәдениеттануы»
30 сәуір 2025 ж.
2025 жылдың 30 сәуірінде «Торайғыров университетінің» 6В03101 – Мәдениеттану білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «PostHumanum: болашақ мәдениеттануы» атты ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: дарынды студенттерге қолдау көрсету, олардың шығармашылық, оқу-танымдық және ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ашу және ынталандыру, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға көмектесу, ғылыми ізденушілікке деген қызығушылықтарын ояту.
Олимпиада үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі
ҚАТЫСУ
Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысуға жоғары оқу орындарында өткен ішкі олимпиаданың I кезеңінің жеңімпаздары болып табылатын жоғары оқу орындарының студенттер командалары (әр командада 3 студенттен көп емес) шақырылады. Міндетті түрде команда жетекшісі болуы керек.
Олимпиадаға қатысу үшін 2025 жылдың 25 сәуіріне дейін «Торайғыров университетіне» төмендегі сканерленген құжаттарды salimova_raigul@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет:
1. Қатысуға өтінім;
2. Олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хаттамамен ресімделетін хат.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Республикалық олимпиада 2 кезеңде өтеді:
1) бірінші кезең –жоғары оқу орындарының ішінде;
2) екінші кезең – базалық жоғары оқу орындарында.
Олимпиаданың I кезеңінде даярлаудың басым бағыттары мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.
Университет ректоры (проректоры) конкурстың тиісті секциялары бойынша жетекші ғылыми ұйымдардың, өндірістік кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін қамтитын конкурстық комиссияларды ұйымдастырады.
Олимпиаданың I кезеңінің (ішкі жоғары оқу орны) қорытындысы бойынша ректордың (проректордың) бұйрығымен бекітілген ЖОО-ның конкурстық комиссиясы конкурстың II кезеңіне қатысу үшін университеттің үздік студенттерін іріктейді және базалық жоғары оқу орындарына конкурстық негізде жібереді.
Студенттерді Республикалық олимпиаданың II кезеңіне қатысуға ұсыну кезінде жоғары оқу орны базалық ЖОО-на мынадай құжаттарды жібереді: олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат, ол хаттамамен ресімделеді.
Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға байланысты барлық шығындарды (келу, кету, тамақтану, қонақүйде тұру) жіберуші тарап өтейді.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ ӨТІНІШ
Команда қатысушыларының ТАӘ
(толық)
Мамандық шифры, курс, оқу тілі
Байланыс. Телефондары/ қатысушының
E-mail
Команда жетекшісінің ТАӘ (толық)
(лауазымы, дәрежесі, байланыс телефоны, е-mail)
ЖОО атауы және мекен-жайы (толық)
Команданың атауы (толық жазу қажет)
Факультет деканының қолы, мөр.
Пәндік олимпиадаға келесі кезеңдер кіреді:
1 кезең. «Визитка»: команданы таныстыру (аты-жөні, ұраны, капитан). Уақыт регламенті: 3-5 минут.
2 кезең. «Мәдениет және жасанды интеллект: Кім кімді жасайды?» (кейс-стади форматындағы тапсырмалардан тұрады). Уақыт шегі: 10-15 минут (тапсырманы ұйымдастырушылар олимпиада кезінде ұсынады).
3 кезең. Капитандар сайысы. Ақпараттық қоғам мәдениеті, жасанды интеллект және кросс-мәдениет бойынша төмендегі теориялар мен тұжырымдар туралы тапсырмалар (тақырыптар тізімі төменде берілген). Уақыт регламенті: 5-10 минут.
1 Постгуманизм негізін салушыларының басты идеялары;
2 Гиперреалдылық теориясы (Жан Бодрияр);
3 Жасанды интеллект қазіргі мәдениет феномені іспетті (Д. Маккарти, А. Тьюринг);
4 Ақпараттық қоғам теориясы (Э. Тоффлер);
5 Э. Хирштің мәдени сауаттылық теориясы;
6 Ю. Хабермастың коммуникативті әрекет теориясы;
7 Ю.М. Лотманның семиотикалық концепциясы.
4 кезең. «Үй тапсырмасы» форматында өткізіледі. «Мәдениетті және жасанды интеллектіні жаңғырту» тақырыбына шағын жоба/презентация жасау.
Уақыт регламенті: 10-15 минут.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140000 Павлодар қ., Ломова 64 көш., бас оқу ғимараты, «Торайғыров университеті» КеАҚ, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы, 5 қабат, 517 каб.
Байланыс жасау: Салимова Райгуль Сабыровна, 87089875481
| 725
русс Положение по олимпиаде Культурология .pdf
2025 русс. Информационное письмо Культурология.pdf
Каз Положение по олимпиаде Мәдениеттану .pdf
2025 каз. Информационное письмо Культурология.pdf