Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының мақсаты – оқушылардың жан-жақты үйлесімдік дамуына бағытталады:

• жеке тұлғаны позитивтік қасиеттерге тәрбиелеу;

• белсенді өмірлік ұстанымына шыңдау;

• өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін арттыру, өзін-өзі бақылау қабілеттері;

• өзіндік бедел сезіміне тәрбиелеу;

• рухани және адамгершілік қасиеттерін дамыту;

• жеке тұлғаның физикалық саулығын дамыту;

• мінез-құлық мәдениеті;

• экология мәдениетіне.

Тәрбиелеу үдерісінің мәселелері болып саналады: 

• эстетикалық құндылықтар және эстетикалық нормалар бірлігінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның азаматтық құқықтары мен отан заңдарын сыйлау;

• дүниеге көзқарас суретін студент санасында қалыптастыру;

• өмір мәнін, өз бірегейлігі мен құндылығын түсінуде студенттердің философиялық-дүниетанымын бағыттау;

• жалпы адами және мәдени байлықтарды айқындайтын мәдени құндылықтар жүйесіне қатыстыру, оған деген жеке тұлғаның қатынасын қалыптастыру;

• жалпы адами гуманизм нормаларын меңгеру (шындық, әділдік, сұлулық, жақсылық, өзара түсіністік, қайырымдылық, жан ашу, көңіл білдіру және т.б.), белгілі тұлғаның қасиеті ретінде зиялылықты әдетке айналдыру, тарату және өмірде оған бой ұсыну;

• еңбекке қатынасты әлеуметтік және жеке мәнділі қажеттілікке айналдыру;

• салауатты өмір салты жөніндегі көзқарасты дамыту.

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ТЖ жоспары мен ЖҒФ ТЖ жоспарына сәйкестікте кафедрада тәрбие жұмысы жүзеге асырылады.

Барлық курстардың студенттері университетте өткізілетін әртүрлі іс-шараларға жүйелі түрде қатысты: спорттық жарыстар, «TOU Миссі» сұлулық конкурсы, шығармалар конкурсында, ЖҒФ студенттеріне арнау, ректор кубогына футболдан турнир, флеш-моб, дебаттар және т.б.

2023-2024 оқу жылында "Биология және экология" кафедрасының студенттері қатысты:

- "Жасыл ел" құрылыс жасағымен волонтерлік жұмыста, экологиялық акциялар мен сенбіліктерде;

- "Торайғыр оқулары", "Сәтбаев оқулары"ғылыми-практикалық конференциясында;

- жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында; "темекі шегу" тақырыбындағы тренингте;

- "Торайғыров университеті" КЕАҚ базасында "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі"білім беру қарқындылығы шеңберінде студенттерге арналған Smartlab-та.

Кафедра студенттері барлық мамандықтар бойынша 1-4 курс "Coursera"білім беру платформасында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4 курс студенттері «Торайғыров университеті» КЕАҚ мансап орталығы ұйымдастырған Бос орындар жәрмеңкелеріне қатысты.

Академиялық топтардың кураторлары тақырыптар бойынша кураторлық сағаттар өткізді:

- «Қазақстан Республикасының Конституция күні»;

- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні»;

- «Мемлекеттік тілде сөйлеу - біздің азаматтық парызымыз»;

- «Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту»;

- «Мемлекеттік рәміздер туралы» және т. б.

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Комплаенс-қызметімен «Таза сессия» кең ауқымды сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы акция өтті. 

«Таза сессия» акциясын өткізудің негізгі мақсаты – студенттердің белсенді азаматтық ұстанымы мен құқықтық санасын қалыптастыру, ҚР сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы заңнамаларын бұзушылыққа төзбеушілік болып саналады. Іс-шараға БжЭ кафедрасының барлық студенттері қатысты. 

Акция барысында жемқорлыққа қарсы насихат жұмысы жүргізілді. Университеттің барлық ғимараттарында студенттердің ескертпелері мен ұсыныстары үшін «Сенім жәшіктер» орнатылды. Осыдан басқа емтихандық сесиясы кезеңінде келеңсіз жәйттерге байланысты, мәселелерді ашық талқылау ұйымдастырылды, емтихандарды қабылдау және білім беру қызметтерін ұсыну сапасына қанағаттану затына студенттермен сауалнама жүргізілді. 

- Әр студент, магистрант сапалы білім беруде өз құқықтары шеңберінде әділдікке жету және сессиялар кезінде жемқорлық жәйттеріне келіспеушілік көрсетуі тиіс. «Торайғыров университеті» КЕАҚ-да жемқорлықтың алдын-алу жөнінде жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізіледі. 

Іс-шаралар емтихандық сессиялардың таза және обьективті өтуін қамтамасыз ету, жемқорлықтың алдын-алу, сондай-ақ оқу мекемесінде заңды бұзушылыққа оқитын студенттердің қырағылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

 

2023-2024 оқу жылындағы «Биология және экология» кафедрасы студенттерінің жетістіктері

 

Студенттің аты-жөні

Тобы

Атауы

1

Абильбаева А.

Эк-401

Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XV Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшін ІII дәрежелі диплом

2

Бирюкова А.

Б-402

Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XV Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшін ІI дәрежелі диплом

3

Асаин С.

МЭк-22н

Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XV Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшін ІI дәрежелі диплом

4

 

Голоденко В.,

Бирюкова А.

Б-402

Биология бөлімі бойынша ҚР жоғары оқу орындарының СҒЗЖ республикалық конкурсында II орын

5

Гамариденова К.

Эк-202

Экология бөлімі бойынша ҚР жоғары оқу орындарының СҒЗЖ республикалық конкурсында II орын

6

Бораш А.

ҚОҚ-401

6В11201-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиадаға қатысқаны үшін II орын

7

Гамариденова К.

Эк-202

Margulan University СҒЗЖ және әдістемелік әзірлемелер республикалық конкурсының III дәрежелі дипломы

8

Төкен Д

 

Б-401

Margulan University СҒЗЖ және әдістемелік әзірлемелер республикалық конкурсының III дәрежелі дипломы

9

Ныгманова А.

МБ-22н

Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XV Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшін I дәрежелі диплом

Жалпы «Биология және экология»  кафедрасының студенттері кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады