Анонстар мен іс-шаралар

AccessEngineering ғалымдарға, студенттерге және мамандарға арналған

AccessEngineering от McGraw Hill платформасына сынақ рұқсаты 2025 жылдың 3 мамырына дейін ашық

AccessEngineering® - студенттер мен оқытушыларға арналған интерактивті білім беру жобасы. Ол студенттерге нақты жағдайларда үйренуге және тәжірибе жасауға, сондай-ақ емтихандар мен сертификаттарға дайындалуға қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар AccessEngineering® оқытушыларға студенттердің нәтижелерін жақсарту үшін қажетті қолдау көрсете отырып, практикалық ресурстарды курастарына біріктіруге мүмкіндік береді.

AccessEngineering  700 ден астам кітапты қамтиды, соның ішінде:

Access Engineering басқа негізгі функциялары:

  • Әлемнің жетекші университеттерінің оқытушылары жасаған 900-ден астам оқу бейнелері;
  • 4000-нан астам интерактивті  графиктер мен жүктелетін кестелер;
  • Шаумның эскиздерінің жиынтығы;
  • Арнайы инженерлік тақырыптар бойынша мысалдарды табу үшін сүзгілер;
  • Жүктеп алынатын Excel электрондық кестелік калькуляторлары;
  • DataVis, материалтану деректерін визуализациялау құралы.
     

Ресурстарға қол жеткізу: https://www.accessengineeringlibrary.com/

Платформамен жұмыс істеуге арналған анықтамалық материалдар: https://www.accessengineeringlibrary.com/manuals-and-tutorials

Қол жеткізу мерзімі:  04.04.2025 бастап 03.05.2025 дейін

Қол жеткізу режимі:  ToU желісі


AccessEngineering ENG.pdf
AccessEngineering_Flyer_Russian.pdf
AccessEngineering_RU MA Group.pdf
Толығырақ
2025-04-10 00:00:00

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

«Торайғыров университеті» КеАҚ

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті

«Философия және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада

«PostHumanum: болашақ мәдениеттануы»

30 сәуір 2025 ж.

 

2025 жылдың 30 сәуірінде «Торайғыров университетінің» 6В03101 – Мәдениеттану білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «PostHumanum: болашақ мәдениеттануы» атты                                      ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: дарынды студенттерге қолдау көрсету, олардың шығармашылық, оқу-танымдық және ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ашу және ынталандыру, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға көмектесу, ғылыми ізденушілікке деген қызығушылықтарын ояту.

Олимпиада үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі

 

ҚАТЫСУ

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысуға жоғары оқу орындарында өткен ішкі олимпиаданың I кезеңінің жеңімпаздары болып табылатын жоғары оқу орындарының студенттер командалары (әр командада 3 студенттен көп емес) шақырылады. Міндетті түрде команда жетекшісі болуы керек.

Олимпиадаға қатысу үшін 2025 жылдың 25 сәуіріне дейін «Торайғыров университетіне» төмендегі сканерленген құжаттарды salimova_raigul@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет:

1. Қатысуға өтінім;

2. Олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хаттамамен ресімделетін хат.

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Республикалық олимпиада 2 кезеңде өтеді:

1) бірінші кезең –жоғары оқу орындарының ішінде;

2) екінші кезең – базалық жоғары оқу орындарында.

Олимпиаданың I кезеңінде даярлаудың басым бағыттары мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Университет ректоры (проректоры) конкурстың тиісті секциялары бойынша жетекші ғылыми ұйымдардың, өндірістік кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін қамтитын конкурстық комиссияларды ұйымдастырады.

Олимпиаданың I кезеңінің (ішкі жоғары оқу орны) қорытындысы бойынша ректордың (проректордың) бұйрығымен бекітілген ЖОО-ның конкурстық комиссиясы конкурстың                II кезеңіне қатысу үшін университеттің үздік студенттерін іріктейді және базалық жоғары оқу орындарына конкурстық негізде жібереді.

Студенттерді Республикалық олимпиаданың II кезеңіне қатысуға ұсыну кезінде жоғары оқу орны базалық ЖОО-на мынадай құжаттарды жібереді: олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат, ол хаттамамен ресімделеді.

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға байланысты барлық шығындарды (келу, кету, тамақтану, қонақүйде тұру) жіберуші тарап өтейді.

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ ӨТІНІШ

Команда қатысушыларының ТАӘ

(толық)

Мамандық шифры, курс, оқу тілі

 

Байланыс. Телефондары/ қатысушының
E-mail

Команда жетекшісінің ТАӘ (толық)

(лауазымы, дәрежесі, байланыс телефоны, е-mail)

 

ЖОО атауы және мекен-жайы (толық)

 

Команданың атауы (толық жазу қажет)

 

 

Факультет деканының қолы, мөр.

 

 

Пәндік олимпиадаға келесі кезеңдер кіреді:

 

1 кезең. «Визитка»: команданы таныстыру (аты-жөні, ұраны, капитан). Уақыт регламенті: 3-5 минут.

2 кезең. «Мәдениет және жасанды интеллект: Кім кімді жасайды?» (кейс-стади форматындағы тапсырмалардан тұрады). Уақыт шегі: 10-15 минут (тапсырманы ұйымдастырушылар олимпиада кезінде ұсынады).

3 кезең. Капитандар сайысы. Ақпараттық қоғам мәдениеті, жасанды интеллект және кросс-мәдениет бойынша төмендегі теориялар мен тұжырымдар туралы тапсырмалар (тақырыптар тізімі төменде берілген). Уақыт регламенті: 5-10 минут.

1 Постгуманизм негізін салушыларының басты идеялары;

2 Гиперреалдылық теориясы (Жан Бодрияр);

3 Жасанды интеллект қазіргі мәдениет феномені іспетті (Д. Маккарти, А. Тьюринг);

4 Ақпараттық қоғам теориясы (Э. Тоффлер);

5 Э. Хирштің мәдени сауаттылық теориясы;

6 Ю. Хабермастың коммуникативті әрекет теориясы;

7 Ю.М. Лотманның семиотикалық концепциясы.

4 кезең. «Үй тапсырмасы» форматында өткізіледі. «Мәдениетті және жасанды интеллектіні жаңғырту» тақырыбына шағын жоба/презентация жасау.

Уақыт регламенті: 10-15 минут.

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140000 Павлодар қ., Ломова 64 көш., бас оқу ғимараты, «Торайғыров университеті» КеАҚ, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Философия және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы, 5 қабат, 517 каб.

Байланыс жасау: Салимова Райгуль Сабыровна, 87089875481

Толығырақ
2025-04-09 00:00:00

                                                                    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Ғалымдарды, ЖОО мен колледждердің оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен колледж оқушыларын (ғылыми жетекшімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды барлығын

                                                «Қазіргі зерттеулердегі тұрақты даму» атты

                           Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз

                                                                  16 мамыр 2025 жыл

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.

Өткізу форматы: офлайн, онлайн

«Қазіргі зерттеулердегі тұрақты даму» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы AP19676924 «Технологияны дамыту және регионның өнеркәсіптік кешенінің экологиялық брендін ілгерілету» мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ шеңберінде өткізіледі.

Конференцияның мақсаты – тұрақты инновациялық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және рухани-гуманитарлық дамудың негізгі проблемаларын, халықаралық ынтымақтастықтың стратегиялары мен тетіктерін, қазіргі әлемде болып жатқан интеграциялық процестерді сындарлы талқылау, инновациялық-технологиялық, халықаралық әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық саласындағы нәтижелер мен перспективаларды ұсыну.

Конференция аясында келесі санаттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:

-       колледж студенттері;

-       ЖОО студенттері.

Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1 (бір) баяндаманы жасауға 2 (екі) баяндамашынан артық емес жіберіледі. Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕУ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта «Мақаланы жіберу» бетінде жүзеге асырылады.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2025 ЖЫЛДЫҢ 30 СӘУІРІНЕ ДЕЙІН ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады. Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Конференция бағдарламасы:

- 15.00-16.00 – пленарлық отырыс (Торайғыров университет, Ломов көшесі, 64, бас оқу корпусы);

- 16.00-18.00 – секциялық отырыстар (Торайғыров университет, Ломов көшесі, 64, бас оқу корпусы).

Конференцияда төмендегі секциялар бойынша өзекті мәселелерді қарастыру жоспарлануда:

1.Қазіргі ғылыми-практикалық зерттеулердегі тұрақтылық

2.Ұлттық экономика салаларының экологиялық брендингі

3.Ресурстар, биоәртүрлілік және тұрақты пайдалану

Толығырақ
2025-04-09 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone