Тәрбие жұмысы

«Толық адам» концепциясының мақсатының мазмұны:

  1. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және қамқорлыққа алынған балаларға әлеуметтік және материалдық көмек көрсету.
  2. Мүмкіндігі шектеулі студенттердің білім алуына жағдай жасау.
  3. Еріктілер қозғалысы жұмысына белсенді қатысу.
  4. Шығармашыл, белсенді және спорттық студенттердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Критерийлер (әлеуметтік, техникалық, экономикалық, технологиялық):

  1. Әр кафедра жетім балаларға әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетуі.
  2. Мүмкіндігі шектеулі студенттердің еркін қозғалуына жағдай жасау.
  3. Жыл бойы еріктілік қызмет бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
  4. Студенттердің республикалық, облыстық және қалалық конкурстарға, сенбіліктерге және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуы.