Жаратылыстану ғылымдары факультетінде келесі гранттық қаржыландыру жобалары бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда:
1) «Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы жаздық бидайдың деструктивті биотасын (фитофагтар мен фитопатогендер) фитосанитариялық бақылаудың экологиялық жүйесін дамыту». Ғылыми жетекші: PhD докторы, «Биология және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р. М. Уалиева
2) «СЕМЕЙ ОРМАНЫ» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында градиенттер (трансект) әдісін пайдалана отырып дендроклиматтық зерттеулер». Ғылыми жетекші: PhD докторы, «Биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы Н. Б. Мапитов.
3) «Азолдарға негізделген металл-органикалық кешенді полимерлері: синтездеу, қасиеттерін зерттеу, жаңа көпфункционалды материалдарды алу». Ғылыми жетекші: PhD докторы, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры А. Ж. Касанова.
4) «Экологиялық қауіпсіз құрылыс материалдарын өндіруде пайдаға жаратылуы қиын болатын тұрмыстық қалдықтарды қолданудың инновациялық тәсілін әзірлеу». Ғылыми жетекші: «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, х. ғ. к., қауымдастырылған профессор М. А. Елубай.
Жаратылыстану ғылымдары факультетінде «Жас ғалым» жобалары бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша жұмыс жүзеге асырылуда:
1) «Су-Шығарындылар-Энергия» өзара байланысты (Water-Emissions-Energy nexus) – Қазақстанда айналмалы су пайдалану перспективаларын бағалау үшін құрал әзірлеу». Ғылыми жетекші: PhD докторы, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының постдокторанты (ғылыми дәрежесі бар) И. М. Раделюк.
2) «Павлодар қаласының урбанизацияланған аудандарының атмосфералық жауын-шашында (қар жамылғысында), топырақта және көкөніс дақылдарында микроэлементтердің жинақталуы мен таралуын бағалау». Ғылыми жетекші: PhD докторы, «География және туризм» кафедрасының постдокторанты (ғылыми дәрежесі бар) А. А. Фаурат.
Жаратылыстану ғылымдары факультетінде шаруашылық келісімшарт негізінде жобалар бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда:
1) «Ертіс өзенінің жайылмасында бактериялық препараттарды пайдалана отырып, қансорғыш шіркейлер мен масалардың санын биологиялық бақылау жөніндегі ғылыми сүйемелдеуді ұйымдастыру». Тапсырысшы: «Желдордезинфекция-Павлодар» ЖШС. Ғылыми жетекші: жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор К. К. Ахметов.
2) «ҚЭЗ» АҚ электролиз ванналарында алюминийдің электролиз процесінде түзілетін көміртегі тотығы шығарындыларын төмендету мүмкіндігін талдау». Тапсырысшы: «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ. Ғылыми жетекші: х. ғ. к., «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының профессоры С. Р. Масакбаева.
Жаратылыстану ғылымдары факультеті 2022 жылы орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 83 959 483,9 теңгені құрады.
Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының барлық мүшелері әртүрлі тәуелсіз зерттеу жобаларын орындауға қатысады.
Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
· Шыбын-шіркейлердің биологиясын, экологиясын және фенологиясын зерттеу арқылы қансорғыштардың санын реттеу шараларын дайындау;
· Паразиттік жалпақ құрттардың клеткалық, ұлпалық, ағзалық бейімделу механизмдері және функционалдық морфологиясы;
· Ертіс өзені жайылымының биологиялық алуандылығын қорғау және қалпына келтіру;
· Ертіс өзенінің су шаруашылығы бағдарламаларының негізін жасау;
· Сұйық-кристалды қосындылардың конформациялық жағдайын зерттеу;
· Йодалифтиялық қосындылардың радикалды реакциялары;
· Ертіс өзенінің су қорларын көліктік басқарылуының экологиялық және геоэкологиялық аспектілері;
· Жердің құнарлылығы мен экологиялық қызметін жаңғырту;
· Биология және өсімдіктер дамуының ырғағы;
· Мұнай өнімдерімен ластанған жер қабатын рекультивациялау;
· Алтын өндіру мен өнеркәсіптен соң жерлерді қалпына келтіріп, табиғи өзін-өзі қолдайтын ландшафтты қалпына келтіру;
· Павлодар облысының топонимикасы;
· Экологиялық мектепке дейінгі және мектепте білім беру мекемелерінде экологиялық мәдениетті дамыту.
Студенттік дипломдық жұмыстар мен жобалардың тақырыбы кафедраның зерттеу бағыттарына негізделген және көптеген мәселелерді қамтиды; дипломдық жұмыстар мен жобалардың өзектілігі студенттер өндірістік практикадан өтетін кәсіпорындардың мамандарымен талқыланады. Дипломдық жұмыстар мен жобаларды дайындау кезінде материал жинаудың жаңа әдістері мен технологиялары қолданылады. Бакалавриат пен магистратураның үздік студенттеріне оқуын жалғастыруға және сәйкесінше магистратура мен докторантураға түсуге мүмкіндігі беріледі.
Әр түрлі оқу курстарының студенттері, магистранттары мен докторанттары ПОҚ жетекшілігімен факультеттің ғылыми үйірмелеріне белсенді қатысады, ғылыми жетекшілердің жетекшілігімен ҚР БҒМ жобаларына қатысады.
Факультет білім алушыларының әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға қатысуы:
1. «AirFlux» командасы «Student Energy Challenge» республикалық зияткерлік командалық байқауында I орын алды. Команда жетекшісі: Р. М. Уалиева (Нұр-Сұлтан, 2020).
2. Р. М. Уалиеваның жетекшілігімен 3 адамнан тұратын «Scientia» «Торайғыров университеті» КЕАҚ командасы биология бойынша Республикалық студенттік олимпиадада II орын алды (Алматы, 2022):
1) Анастасия Вячеславовна Осипова (Б-102 тобы), жеке есепте 3 орын алды.
2) Алмас Бауыржанович Бозтаев (Б-302 тобы) жеке есепте 3 орын алды.
3) Алина Юрьевна Мухутдинова (Б-302 тобы), жеке есепте 3 орын алды.
3. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «5В073100/6В11201 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада, Өскемен қ., ҚОК-301 тобының студенті Ердэулет Ихтиярулы Абдираимов I орын алды. Жетекшісі – Ш. Арынова.
4. Магистрант Каиржанова Айдана (МБ-22н тобы) ZIAT II Республикалық қашықтық байқауында II орын алды, Нұр-Сұлтан қ., 2021.
5. «5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасына қатысу: «TOD» командасы, жетекшісі – А. Ж. Касанова: О.В. Киселев, Д.Б. Тажмуликов, Т.А. Нурмаканов.
Олимпиада нәтижелері бойынша «TOD» командасы командалық біріншілікте II дәрежелі дипломмен марапатталды;
Жеке біріншілікте;
- Богдан Маратович Ямалтдинов II дәрежелі дипломмен марапатталды;
- Темерлан Асетович Нурмаканов III дәрежелі дипломмен марапатталды марапатталды.
5. ХТОВ-301(ағылш.) тобының студенттері Богдан Маратович Ямалтдинов, Бахтияр Маратович Шакенов тауарлық-энергетикалық кешенді дамыту мәселелері бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының Халықаралық конкурсының I дәрежелі Дипломымен марапатталды, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Мәскеу, 2022 жылғы ақпан-мамыр. Ғылыми жетекшісі – х. ғ. к., қауымдастырылған профессор М. А. Елубай.
6. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» бөлімі бойынша 2022 жылғы СҒЗЖ байқауы ІІІ дәрежелі Министрлік дипломымен Бахтияр Маратович Шакенов, Богдан Маратович Ямалтдинов «Тұрмыстық полимер қалдықтары негізіндегі жаңа материалдар» атты зерттеу тақырыбы бойынша марапатталды. Ғылыми жетекшісі – х. ғ. к., қауымдастырылған профессор М. А. Елубай.
7. Г-301 және Г-401 топтарының студенттері жоғары оқу орындары арасындағы республикалық пәндік олимпиадада география пәнінен 2 орын алды (Павлодар, 2018). Жетекшісі: PhD докторы, қауымдастырылған профессор Ш. Г. Каирова.
8. 1 курс студенттері мен магистранттары туризм студенттерінің II қашықтық Халықаралық олимпиадасында 2-ші орынға ие болды, ғылыми жетекшісі м.г-м. к. қауымдастырылған профессор Г.С. Ажаев.
9. Тур-302 тобының студенті М.Р. Джанаргалиева дарынды студенттерге арналған ҚР БҒМ Президенттік стипендиясының иегері атанды
10. МГ-12н тобының 1 курс магистранты Алия Касымова министр А. Аймағамбетовтан ҚР БҒМ Алғыс хатымен марапатталды (2021 ж.).
11. Тур-12н тобының 1 курс магистранты Даяна Тембаева туризм бойынша халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-практикалық конференцияда 1 орын алды, Алматы, 2021 ж. 6 сәуір.
Декан тел: 8 (7182) 673668 (ішкі 1188)
Деканат тел: 8 (7182) 673647 (ішкі 1185)