2022–2023 оқу жылындағы білім алушылардың контингенті – 725 адамды (2021–2022 оқу жылымен (695 адам) салыстырғанда контингент 10 % көбейді) құрады, оның ішінде: 520 – бакалавриаттың күндізгі және сырттай оқу түрлерінің студенттері, 200 – магистранттар және 5 – докторанттар. Студенттердің үлгерімі өзгерген жоқ. Академиялық ұтқырлық шеңберінде сытқы академиялық ұтқырлық бойынша 2 студент және 1 магистрант (Латвия, Чехия, Польша) және ішкі бойынша 2 студент (Тараз қ.) оқып келдіПОӘК және МОӘК мамандықтар бойынша жасақталған, білім беру бағдарламалары факультеттің барлық мамандықтары бойынша құрастырылған және жұмыс берушілермен келісілген, сондай-ақ модульдік бағдарламалар жаңартылған. Факультеттің магистранттары мен докторанттары жақын және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті, жоспар 100 % орындалды. Онымен қоса, Биология және экология кафедрасының оқытушысы Акимбекова Н. Ж. «TEMPUS+ Teaching mobility» халықаралық бағдарламасы бойынша Палац университетінде дәріс оқуға грант ұтып алды (Чехия, Оломоуц). Ағымдағы оқу жылында шетелдік профессорлар дәрістер оқыды: Юрген Майнеке (Jurgen Maineke, Бонн қ., Германия) бас сарапшылар қызметінен (SES).
Факультетте 2022–2023 оқу жылына жоспарланған барлық ОӘӘ өткізілді. Профессор-оқытушылар құрамы оқу жылы бойы ОӘӘ шығару жоспарына сәйкес оқу құралдарды дайындауды жүзеге асырды. Заманауи еңбек нарығының қажеттіліктерімен байланысты инновациялық оқу білім бағдарламалары әзірленді және оқу үрдісіне енгізілді, практика базаларымен белсенді серіктестік жүзеге асырылды. 2022–2023 оқу жылында факультет 155 адамды даярлап шығарды. Барлық студенттер мен магистранттар МҚА сәтті тапсырды.
Декан тел: 8 (7182) 673668 (ішкі 1188)
Деканат тел: 8 (7182) 673647 (ішкі 1185)