«Биология және экология» кафедрасының 2018–2019 оқу жылының жетістіктері:
Б-202 тобының студенті Жүніс Назерке Биология бойынша І Халықаралық олимпиадада (III кезең) І орынды иеленді, Білім және педагогикалық ғылымдардың халықаралық даму академиясы (Алматы қ., 2019). Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, қауымд. профессор Уалиева Р. М.
БжЭ кафедрасының студенттері: Қазымбетова А. А. Каверина М.М., Броневец В.И., Малахов С. Е. биология пәні бойынша Республикалық студенттер олимпиадасының командалық есебінде ІІ орын алды, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; Малахов С. Е. биология пәні бойынша Республикалық студенттер олимпиадасының жеке есебінде ІІ орын алды, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., 2019). Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, қауымд. профессор Уалиева Р. М.
Забиева М. Б. (МБ-22н тобы) – I орын, XI Республикалық «Ғалым шарайнасы» атты колледж бен ЖОО-да білім алушылардың арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстар байқауы, Нұр-Сұлтан, 2019. Ғылыми жетекшісі – б.ғ.к., профессор Калиева А. Б.
Малыгина А. (Б-402 тобы) – Жас ғалымдар, магистранттар мен мектеп оқушыларының «XІХ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясында I орын иегері, ғылыми жұмысы: «Ағаш өсімдіктерінің жапырақтары Павлодар қаласының қоршаған орта жағдайының биоиндикаторы ретінде». Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, қауымд. профессор Уалиева Р. М.
Фаргиева К. (Б-302 тобы) – Жас ғалымдар, магистранттар мен мектеп оқушыларының «XІХ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясында I орын иегері, ғылыми жұмысы: «Сүйек тіндерін бояу және жұмсақ тіндерді ағарту әдісімен Xenopus laevis бақасының қаңқа құрылымдарының морфометриялық көрсеткіштерін зерттеу». Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, қауымд. профессор Уалиева Р. М.
Шухабаева Л. (Б-402 тобы) – Жас ғалымдар, магистранттар мен мектеп оқушыларының «XІХ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясында IІ орын иегері, ғылыми жұмысы: «Павлодар облысы Май ауданы ұсақ сүтқоректілерінің экологиялық ерекшеліктері». Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Абылхасанов Т. Ж.
«География және туризм» кафедрасының 2018–2019 оқу жылының жетістіктері:
25.10.2018 ж. Тур-401, Тур-301, Тур-201, Тур-101, Тур-102 «Самая вышка!» студенттер командасы Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Туризм, алға!» конкурсының жеңімпаздары ретінде Дипломмен марапатталды. (3 жүлделі орын).
04.12.2018 ж. География және туризм кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Мықты көшбасшы – табысты жастар» байқауына белсене қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды.
Г-101 тобының студенті Аязбаева Диана, Тур-102 тобының студенті Ермекеш Жазира «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын сәтті жүзеге асырудағы ақыл, төзімділік және белсенділік» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқандары үшін Сертификатпен марапатталды (Семей қ.).
01.03.2019 ж. География және туризм кафедрасының студенттері География пәнінен аймақтық пәндік олимпиадаға белсенді қатысқандары үшін 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.
27.03.2019 ж. «Ertis team» студенттер командасы: Г-302 тобының студенті Тищенко Анна, Г-201 – Шомит Зарема, Г-201 – Сергазинова Мадина Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы «5В060900 – География» мамандығы бойынша студенттер арасында өткен XI республикалық пәндік олимпиадада жоғары көрсеткіштері үшін 3 дәрежелі дипломмен марапатталды (Алматы қ.).
«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының 2018–2019 оқу жылының жетістіктері:
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет базасындағы химиялық-технологиялық мамандықтар бойынша дипломдық жобалардың республикалық байқауында (Шымкент қ.):
1-орын: Султанбекова А. А. – БЗХТ-402 тобының студенті (ғылыми жетекшісі – х.ғ.к., профессор Масакбаева С. Р.); Кереев Р. Н. – МОЗХТ-22п тобының магистранты (ғылыми жетекшісі – х.ғ.к., профессор Жапаргазинова К. Х.);
2-орын: Мэлс Н. Б – ОЗХТ-402 тобының студенті (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Ковтарева С. Ю.); Нурташова Б. Ж. – МБЗХТ-22н тобының магистранты (ғылыми жетекшісі – х.ғ.к., профессор Масакбаева С. Р.);
3-орын: Бирюкова О. В. – МОЗХТ-22н тобының студенті (ғылыми жетекшісі – х.ғ.к., профессор Несмеянова Р. М.) алды.
Снопков Д. И. – ОЗХТ-102 тобының студенті – «ERG-2019» ғылыми-техникалық конференциясының «Іргелі көзқарас» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды (Нұр-Сұлтан қ., ғылыми жетекшісі – х.ғ.к., ХжХТ кафедр. меңг. Елубай М. А.).
Мухамеджанова А. К. – Х-402 тобының студенті – «Әл-Фараби әлемі – 2019» халықаралық студенттер конференциясының I дәрежелі диплом иегері (Алматы қ., ғылыми жетекшісі – х.ғ.к., аға оқытушы Касанова А. Ж.), «Биотехнология», «Химиялық технология» бағыттары бойынша «Прорыв – 2019» ресей олимпиадасының жеңімпазы.
Мухтар Р. Н. – Х-401 тобының студенті – «Жас ғалым-2018» облыстық байқауының «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша жеңімпазы (ғылыми жетекшісі – х.ғ.к., аға оқытушы Касанова А. Ж.).
Декан тел: 8 (7182) 673668 (ішкі 1188)
Деканат тел: 8 (7182) 673647 (ішкі 1185)