Оқу – әдістемелік жұмыстар

Кафедра мамандықтары бойынша ағымдағы оқу жылының МОӘК және ПОӘК ұйымдастыруы 100,0% құрады.

Бакалавриат бойынша 5В080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 5В080100 – Агрономия, магистратура бойынша 6М080100 – Агрономия мамандықтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік кешендер ұйымдастырылып, бекітілді. Мамандықтардың біліктік мінездемелері, тәжірибелер бойынша жұмыс бағдарламалары, мемлекеттік емтихан бағдарламалары, дипломдық жұмыс орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар және т.б. бекітілді. Жаңа қабылданған студенттерге арналған БЖОБ пен 2017-2018 оқу жылы бойынша күндізгі және сыртқы бөлімдердің 2-4 курс арналған ЖОБ-лар жетілдірілді. Мемлекеттік және орыс тілдерінде факультеттің барлық мамандықтары бойынша таңдамалы пәндер каталогы бар. Пәндерді оқу-әдістемелік қампамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік кешендердің қалыптасуы жүзеге асырылды, үрдіс барысында 1 және 2 семестрде кафедра жиналыстарында ПОӘК бойынша толық жинастырылған талдаулар жүргізіліп отырды. Лекциялар бойынша тірек конспектілер, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулар, өздік жұмыстар бойынша материалдар, аралық бақылау бойынша материалдар (тест тапсырмалары, сұрақтар тізімі), қорытынды емтихан бойынша материалдар (тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары мен билеттері, сынақ сұрақтары) құрастырылды. Оқу үрдісінің сапалылығын қадағалау бөлімінде тіркелген барлық мамандықтар бойынша тест тапсармаларының банкі құрастырылды.

Өсімдіктану, Топырақтану, Егін шаруашылығы, Дендрология, Орман дақылдары пәндері бойынша ОЖСБ -қа арналған тесттер құрастырылды.

Егіншілік (Какежанова З. Е.); Орман питомниктері (Бейсекеева А.К.); Орман дәрілік өсімдіктері (Камкин В.А.); Орман питомниктері (Касанова Ж.Б.) пәндері бойынша видеодәрістері жазылған.

 

 
 Кафедра оқытушыларының сертификаттары