"Агротехнология" кафедрасы
Кафедра филиалы жұмысы

• 2010 жылы университет ректоры Е.М. Арының бұйрығымен ЖШС «Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» бас директоры Б.Р.Ирмулатовпен келісе отырып жасалды.

• Агрономия мамандығының ІІІ және ІV курс студенттері жұмысына 2 рет институт аудиториясында оқиды. Аудитория барлық құралдармен, көрнекті материалдармен жабдықталған.

• Кафедра филиалында 1000 га егістік алқабы және 640 га шабындық жайылымы бар. Жыл сайын институт ғалымдары студенттермен біріге отырып бекітілген ғылыми жұмыс негізіне сәйкес далалық тәжірибелік жұмыстар жүргізеді. Студенттер топырақ және өсімдіктерді зерттеп, фенологиялық бақылау жүргізіп, егістіктің фитосанитарлық жағдайын бақылайды.

• Филиал құрамында: биохимиялық, агрохимиялық және сортты тазалау лабораториялары бар.

• Институтта жұмысқа қажетті ауыл шаруашылық техникалары (тракторлар, сепкіштер, қондырғылар) бар.

• Студенттер тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін тәжірибелік танаптық жұмыстар жүргізеді.

• Дәрістік, лабораториялық, тәжірибелік сабақтарды жүргізуге өндірістік – ғылыми тәжірибесі мол ғалымдар – а.ш.ғ. докторы, профессор Альмишев У.Х., ғылыми кандидаттары Қабыкенов Т.А., Бекенова Л.В., аға оқытушы Урумбаев Қ.А. тартылған.

 

6В08101 - Агрономия мамандығы бойынша кадрларды даярлауды жақсарту мақсатында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен "қазақстандық аграрлық сараптама" АҚ арасында 05.10.2018 жылғы № 145 жасалған шарт негізінде "Агротехнология" кафедрасының филиалы құрылды.


6В08301 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы бойынша кадрлар даярлауды жақсарту мақсатында Торайғыров университеті мен "Горзеленстрой" ЖШС арасында 15.02.2021 жылғы № 160 жасалған шарт негізінде "Агротехнология" кафедрасының филиалы құрылды.