ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің төрағалығымен өткен ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында республикалық конкурстық комиссияның қорытындылары жарияланды.

Республикалық конркустық комиссияның шешімімен Директорлар Кеңесінің кеңесімен Садықов Еркін Тоқмұхамедұлы «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры - басқарма төрағасы лауазымына ұсынылды.

ҚР Білім және ғылым министрінің  тамызындағы  бұйрығымен Садықов Еркін Тоқмұхамедұлы «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры - басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Еркін Тоқмұхамедұлы - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік универсиетінің түлегі. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1986 жылы ҚазМУ саяси экономика кафедрасының ассистенті болудан бастады және сол оқу орнындағы педагогикалық қызметін 1994 жылға дейін жалғастырды.

Еркін Тоқмұхамедұлы мемлекеттік қызметте түрлі лауазымда еңбек етті. Оның ішінде шет мемлекеттерде жұмыс істеді. 2000 жылдардан бастап «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметпен қатар ғылыми қызметін «Тұран» университеті ұлттық және әлем экономика кафедрасында қатар алып жүрді. 2014 жылы Абай атындағы ҚАЗҰПУ бақылау кеңесінің мүшесі болды. 

Еркін Тоқмұхамедұлы 2016 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі болып тағайындалды.

2017 жылдан бері ҚР Білім және ғылым министрі ғылым комитеті төрағасының орынбасары қызметінде.

 

2020 жылдың мамыр айынан бері ҚР БжҒМ «Болон үрдісі және академиялық мобильділік орталығы» директоры қызметін атқарды.