С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымы Е. Бекмаханов атындағы өлке этнографиясы және тарих ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры, филос.ғ.к., профессор Амантай Құдабаевтың мерейтойын атап өтті.
Амантай Жетпісұлы бірқатар ғылыми еңбектерлің авторы және құрастырушысы. Ғалым үш томдық «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық басылымы, «Дала даналары» атты қазақ даласының ойшылдары туралы кітаптар, 50 томдық Кереку-Баян кітапханасы «Рухнама», «Қазақ тіл білімінің антологиясы» (45 том), сонымен қатар, «Шарапатты Олжабай», «Әлкей Марғұлан және ұлт келбеті», «Ермұхан Бекмаханов және тарихи шындық» және «Бекмурат Уахатов» (6 том) кітаптарын жазуға атсалысты.
Амантай Құдабаев өз еңбектерінде ұлттық әдебиет және мәдениет, Қазақстанның тарихи тұлғаларын арқау еткен. Олардың қатарында М. Ж. Көпеев, С. Торайғыровтың шығармашылығы мен өміріне арналған энциклопедиялар сериясы, Ертіс өңірінің ақын-жазушыларына арналған 35 томдық «Кереку ақын жазушыларының антологиясы» бар.
Атап өтерлігі, А. Құдабаев - «Ертістің Павлодар өңірі» атты қазақ және орыс тілдерінде жазылған энциклопедияның жауапты редакторы және құрастырушысы.
Автор ғылыми-зерттеушілігі арқылы «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысты. Оның қатысуымен мәдени мұраны зеттеудің толыққандлы жүйесі, тарихи-энциклопедиялық әдебиеттің қоры қалыптасты. Бүгінгі замандағы ұлттық мәдениет, фольклор, археологиялық, мұрағаттық және этномәдени бағыттағы зерттеу жұмыстары жүйеленді.
Бүгінде А. Құдабаев қазақ археологиясы мен этнография мектебінің негізін қалаушы, археолог-ғалым, шығыстанушы, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан туралы мен ағартушы Шоқан Уәлиханов туралы энциклопедиясын әзірлеп жатыр.
А. Құдабаев - «Құрмет» орденінің кавалері. ҚР Білім және ңылым министрлігі тарапынан «Құрметті қызметкер», сонымен қатар, «Астанаға 10 жыл», «Ана тілінің айбары», «ҚР Мəдениет қайраткері», «ҚР Тəуелсіздігіне 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл» және «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» марапаттарының иегері.