ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі Таңсәуле Серіков Торайғыров университетінде жұмыс сапарымен болды. 


Ол профессорлық-оқытушылық құрамға мүгедектігі бар азаматтар үшін жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру концепциясымен таныстырды. 

 - Концепцияның мақсаты – жоғары білім беру саласында мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтауға кепілдік беретін, яғни, жоғары білім берудің жалпы қолжетімділігін қамтамасыз ету, білім алушылардың қоғамды табысты әлеуметтендірілуіне дайындау және білім алушылардың ерекшілігін сақтай отырып, мүгедектігі бар азаматтар үшін ғылым және жоғары білім берудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру, - дейді Таңсәуле Серіков.

Сонымен қатар, коворкингте студенттермен кездесу өтті. Онда мүмкіндігі шектеулі азаматтар санатына жататын жастардың өмір сапасын жақсарту мәселелері көтерілді. 

Таңсәуле Серіков Торайғыров университетінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Мәселен, жаңа студенттік кампуста арнайы бөлмелер қарастырылған.