Үздік түлектер

​​

Мусагажинова Мадина Манаповна

6М051100 "Маркетинг"мамандығы бойынша 2014 жылдың түлегі.

Қазіргі уақытта "Астана Тауэр Ишлетме" ЖШС жетекші маркетологы болып жұмыс істейді, Нұр-Сұлтан қ..

 

 

 

​​

Хасанова Ольга Александровна

6М051100 "Маркетинг"мамандығы бойынша 2014 жылғы магистратура түлегі.

Қазіргі уақытта "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК қызметтер маркетингі бойынша жетекші менеджері, Павлодар қ..

 

 

​​

Токажанова Айша Ермековна

6М051100 "Маркетинг"мамандығы бойынша 2018 жылы магистратураның түлегі.

Табысты кәсіпкер, "English KZ" тіл мектебінің және IELTS "Central Study" халықаралық тестіне дайындық орталығының негізін қалаушы, Павлодар қ..

 

 

​​

Салимова Райгуль Сабыровна

5В051100 "Маркетинг"мамандығы бойынша 2012 жылдың түлегі.

С. Торайғыров атындағы ПМУ ОӘБ біліктілігі жоғары деңгейлі маманы.

 

 

 

​​

Жетібай Мәди Бауыржанұлы

6М051100 "Маркетинг"мамандығы бойынша магистратураның 2017 жылғы түлегі.

"BIGMEDIA" студиясының негізін қалаушы. Нарықта 5 жылдан астам, 2018 ж. ТМД фотографтары форумының қатысушысы, mywed.ru сайтында Тор - 3 фотографтар рейтингінде, wedstory.kz. фотографтар сайтында Тор-10 үздігінде.

 

 

​​

Серекбаев Ерлан Ермекович

6М051100 "Маркетинг"мамандығы бойынша 2016 жылғы магистратура түлегі.

«ALTYN ASIA тәуелсіз бағалау компаниясы» ЖШС бас директоры, Нұр-Сұлтан қ. "Қазақстанның жас кәсіпкерлер кеңесі" қоғамдық қорының атқарушы директоры.

 

 

​​

Харитонович Ирина

1984 жылы 8 маусымда Павлодар облысы Успен ауданы Богатырь ауылында туды. 1990-2001 жылдары Богатырь орта мектебінде оқып, оны үздік бітірді. 2001 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Экономика» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру грантына ие болды, 2005 жылы университетті үздік бітірді. Халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-теоретикалық және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Павлодар, Астана, Қарағанды және Алматы қалаларында өткен бұл конференциялар материалдарының жинақтарында оның мақалалары бар. «Прометей» бағдарламасы бойынша жобаларға қатысты.

2007 жылы КазЗУ-не түсіп, оны заңгер мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2005 жылғы мамырда «Казэнергокабель» АҚ-нан бастады, сол зауытта бухгалтерден бастап жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы (2006 ж. ақпан) лауазымына қол жеткізді. Қазірде «Казэнергокабель» АҚ- да осы лауазымда қызмет етіп жүр. Жеке басының қабілеті: ұйымдасытрушы және лидерлік қабілеті бар, жауапкершілікті, сөзі мен ісінің арасында алшақтық жоқ, кішіпейіл, адамға ілтипатты, мақсатты іс-қимыл жасайды, ұжыммен оралымды, тиянақты және бірлікте қызмет істей алады.

 

​​

Жүсіпова Айжан

1986 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданының Северный ауылында туды.

1993-2004 жылдары Северный № 1жалпы білім беретін орта мектепте «жақсы» және «өте жақсы» оқыды.

2004 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Экономика» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Бірінші курстан бастап топтың старостасы болып, ПМУ-нің қоғамдық өміріне белсене араласты.

Айманның ғылыми және шығармашыылқ әлеуеті жоғары.

Ол Өскемен қаласында экономика бойынша өткен аймақтық олимпиадаға қатысып, I дәрежелі дипломға ие болды. Ол жас ғалымдарға арналған республикалық және аймақтық форумдар ұдайы қатысады. «Прометей» бағдарламсы бойынша жобаларға қатысып, студенттік жобалардың жетекшісі болды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің басшылары мен ұжымы үздік оқуы, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы қол жеткізген табыстары, сондай-ақ, университетттің имиджін республикалық деңгейде көтеруде салмақты үлесі үшін оған марапат көрсетті.

Сонымен қатар, Айжан іске шын пейілмен қатысады, кәсіби дағыдысын жетілдіруге үнемі көңіл бөледі, дербес және командамен жұмыс істеуге қабілетті, сондай-ақ, компьютерде жұмыс істеу дағыдысы еркеше жетілген. Ол талдау жұмысына бейім, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, оның міндеттерін жоғары жауапкершілік сезімде орындайды, директорат пен кафедраның тапсырмаларын аса ыждаһаттықпен орындайды, студенттер арасында беделі бар.

Жеке басының қабілеті: ұйымдастырушы және лидерлік қабілеті бар, жауапкершілікті, сөзі мен ісінің арасында алшақтық жоқ, кішіпейіл, адамға ілтипатты, мақсатты іс-қимыл жасайды, ұжыммен оралымды, тиянақты және бірлікте қызмет істей алады. Қазіргі уақытта Павлодар облысы Қазнашылығында тәжірибе алуда.

 

​​

Мұрат Мағауияұлы Оспанов

1967 жылы Алматы қаласында туған. Семей технологиялық институтының инженер-механик, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің - есеп және аудит бакалавры, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің - экономика магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

1986-1988 жылдары Кеңес армиясының қатарында әскери міндетін өтеді.

Еңбек жолын мелиорация жүйесінде бастады. 1988-1991 жылдары «Казгипроводхоз» институтының жобалау бөлімінің технигі, өндірістік-техникалық бөлімінің инженері, «Семипалатинскмелиорация» ПСЭО ПМК-56 шебері болып еңбек етті.

1999-2002 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2002 жылы Семей қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2004-2008 жылдары мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқараманың бастығы, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.

2008 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.

2008 жылғы қазан - 2010 жылдар аралығында - Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы.

2010 жылғы қарашадан бастап - Павлодар облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.

2012 жылғы 23 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының лауазымына тағайындалды. «Құрмет» орденімен (2009 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2011 ж.) марапатталды.

 

​​

Цымбал Дмитрий Александрович

1998 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-ды «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

Қазіргі таңда «Казэнергокабель» АҚ коммерциялық директоры болып табылады.

 

 

 

​​

Эпп Андрей Петрович

1998 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-ды «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. «Казэнергокабель» АҚ коммерциялық директорының орынбасары, келісім-шарттар бөлімінің басшысы.