Тәрбие жұмысының мақсаты – студенттердің рухани дамуына, жалпыадамзаттық және патриоттық құндылықтарды тәрбиелеуге жағдай жасау, студенттерді кафедра, факультет, университеттің қоғамдық өміріне тарту. Студенттердің жалпы білім беру, кәсіби және саяси деңгейін көтеру, жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік беру.
Эдвайзерлер топ старосталарымен бірге университеттік өмірдің түрлі аспектілерін қамтитын эдвайзерлік сағаттарды жоспарға сәйкес өткізді.
«Мейірімділік» акциясы және «Біз біргеміз» еріктілік қызметі аясында кафедра студенттері мен оқытушылары Павлодар қаласындағы КММ «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» аумағында бір жыл бойы сыйлықтар мен тәттілер тарту етілген сынып сағаттарын өткізді.
«Биотехнология» кафедрасының студенттері университет аумағын жоспарлы түрде жинау шараларына қатысты, олар өз учаскелерін уақтылы жинау арқылы еңбекқорлық танытты. Еңбек тәрбиесінің негізі – оқу теориясының өндірістік тәжірибемен және қоғамдық еңбекпен байланысы.
Өзін-өзі жүзеге асыру үшін студенттер жыл сайын университетте өткізілетін «Торайғыров оқулары» және «Сәтбаев оқулары» ғылыми конференцияларына қатыса алады, кафедра студенттері ғылыми-тәжірибелік мақалалардың саны бойынша университеттің барлық кафедраларының арасында белсенділік көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда болды. Сондай-ақ, олар конкурстар мен ғылыми жобаларға, спорттық және басқа да іс-шараларға белсенді қатысады.
Сонымен қатар, магистранттар Торайғыров университеті студенттері мен магистранттары арасында өткен көптілді олимпиадада 3-орынға ие болды, ал кафедраның ППС құрамы мен қызметкерлері арасында өткен «Денсаулық зор байлық» спартакиадасында команда гимнастикадан 2-орын және көпсайыстан 3-орын алды.
«Өркендеу жолы», «Елдіктің бастауы» атты «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінен деректі фильмдер көрсетілді.
Жаңа оқу жылының басынан бастап студенттердің әлеуметтік-демографиялық төлқұжаттарын құру, әр ай сайын жетім балалар, мүгедектер және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру билеттерін алуға қажетті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілді.
Мамандығы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кездесулер өткізілді.
Сәуір айында студенттік өзін-өзі басқару онкүндігі өткізілді.
Мамыр айында кафедраның ППС және студенттері Торайғыров университетінің дендросаябағында бақша және жеміс ағаштарын отырғызды.
ТОТ-401 тобының студенті Жолдаспекова Алиана MISS TOU-2024 байқауында Вице-мисс атанды.
ТОТ-401 тобының студенті Байтлеуов Мирамбек облыстық «Мөлдір өнер» театр ұжымдары арасындағы байқауда 3-орын алды.
Әр тоқсанда студенттермен прокуратура, салық, ІІМ және т.б. өкілдерімен әлеуметтік-мәдени маңызы бар тақырыптар бойынша ақпараттық семинарлар өткізіліп тұрады.
8(7182) 67-36-41 (ішк. 1294)