Қазақ Елінің Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы тарихи маңызы бар құжат деп есептейміз.
Өйткені ол еліміздің азаматтарының әл-ауқатын арттырумен байланысты бірінші кезектегі мәселелерді шешуге бағытталған. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің берік негізі қаланды. Соған қарамастан Мемлекет басшысы қазақстандықтарды тиісті әлеуметтік қажеттіліктермен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет деп есептейді. Енді Үкімет пен әкімдердің қызметі негізінен осы көрсеткіштер бойынша бағаланып сараланатын болады. Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасалған және оны түбегейлі оңалту бағытында нақты міндеттер қойылған. Ең бастысы, Елбасы ең өзекті деген мәселелер бойынша нақты міндеттерді қойып,оның шешілу бағыттарын анықтады.
Тұрғындардың кірістерін арттыру, өмір сапасын жақсарту сияқты халықты толғандырған ең келелі деген проблемалар жөнінде салмақты сөз қозғалды. Президент мемлекеттің тыныс-тіршілігімен жан-жақты хабардар екендігін танытты. Осы тұрғыдан алғанда, ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыру жөніндегі міндет үлкен маңызға ие болмақ. Өйткені ол 1 млн 300 мың адамның өмірімен байланысты мәселе. 275 мың мемлекеттік қызметшінің жалақысы 35 % өседі. Өзіміз білім мен ғылым кеңістігінде қызмет етіп жатқан соң Мемлекет басшысының мұғалімдердің мәселесін де назардан тыс қалдырмағаны көңілімізді қуантты. «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заң қабылдау бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі екені баршамыз білеміз. Президенттің ұстаздарға салынған жүктемені азайтып, үш ауысымды білім беру мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасы дер кезінде көтерілген әділ шешім дер едік. Сенаторлар қоғам арасында әбден шарықтау шегіне жеткен бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Енді міне, аталған Заңның орындалуына өз үлестерін қосуға дайын. Бұл жерде «ЖОО – ның профессор – оқытушыларының мәртебесі туралы» заң қабылдайтын уақыт та жетті деп ойлаймын.
Сондай-ақ, Президент «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек»,– деп уақыт өте келе ұлтаралық қатынас тілі қазақ тілі болатындығына сенім білдірді. Әрине,сөз жоқ, мемлекеттік тілдің әлеуетті қуатты болуына ерен еңбек ететініміз сөзсіз.
Меніңше, Президенттің медицина, қоғамдық тамақтану мен көрсетілетін қызмет мәселелерін қамтитын Қызмет сапасын бақылау жөніндегі бірыңғай комитет құру жөніндегі бастамасы өте қажетті. Бұның артында тұрғындарға сапалы қызмет көрсету сияқты әбден жауыр болған проблеманы шешуге деген ұмтылыс тұр.
Мемлекет басшысының тұрғындарды баспанамен қамту ісіндегі жайбасарлыққа алаңдауы де негізсіз емес. Осыған жауап ретінде Президент әкімдерге жергілікті бюджеттен жеңілдікпен берілетін ипотеканың бастапқы жарнасын субсидиялау мәселесін қарастыруды тапсырды және ірі қалаларда әлеуметік жағынан аз қамтылған азаматтарға арналған жалдамалы үйлердің құрылысын кеңейте түсуді міндеттеді. Міне, бүгінгі таңда мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері мен жас мамандар бізден тап осындай қадамдарды күтіп отыр. Алдағы 5 жылда 650 отбасы мен 2 млн-нан астам қазақстандық өздерінің әлеуметтік жағдайларын оңалтып алулары керек.
Қазақ Елінің әрбір азаматы өзінің өмір тұрмысының сапалы да жақсы болуы әркімнің өзіне байланысты, дегенмен де мемлекет тарапынан бағамды бағдармен біртұтас даму жолында болуымыз еліміздің тұрақты болуының кепілі.
Зейнулина А.Ф.
ф.ғ.к., профессор
С.Торайғыров атындағы ПМУ
«Қазақ тілі және журналистика» кафедрасының меңгерушісі