Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен салтанатты ашылған Жастар жылымен барлық қазақстандық жастарды құттықтаймын.
Аймағымыздың біршама жастары шоғырланған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті де бұл жаңалықты ерекше ықыласпен қабыл алды. Бір сөзінде Н.Ә. Назарбаев: «Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі өмірі мен болашағы үшін қам жеу қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, жеке тұрғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар» - деген болатын. Сондықтан Елбасы әрдайым жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Себебі еліміздің кемел болашағы, қоғамның қозғаушы күші – жастар болып табылады.
Менде университетте қызмет атқарғандықтан жастармен жұмыс жасағанды қалаймын. Енді жастардың барлық өздерінің күш-жігерін көрсететін, жалындап жанатын, биік белестерді бағындыратын кезеңдері келді. Сондықтан менің ойымша оларға бағыт беріп, бастаған бастамаларына қолдау көрсету қажет. Осы орайда елімізде арнайы бағдарламалар жұмыс жасауда. Атап айтқанда «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. Мысалы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында біздің университетіміз аймағымыздағы алғашқы «кәсіпкерлік жоғарғы оқу орыны» болғандықтан, біздің студенттеріміз біршама startup жобаларді іске асыруда. Сондықтан С.Торайғыров атындағы ПМУ –дың жастары өздерінің кретивті, жаңашыл идеяларымен, адал еңбектерімен елімізді жаңа жетістіктерге жетелейді деп сенемін.
С. С. Аубакирова
PhD доктор, философия және әлеуметтік-
гуманитарлық пәндер кафедрасының
қауымдастырылған профессоры (доцент)