Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылады. Берілген мақалада Елбасы Қазақстан тарихын жаһандық тарихтағы Ұлы даланың орнын анықтауға мүмкіндік беретін, біздің жерімізде пайда болған мәдени жетістіктер, қазақ ұлтының этногенезі, ұлттық тарихтың көкжиегінің бағалануы мен зерттелуінің уақыты келгенін атап айтады.
Мәдени негізге назар аудармай қоғамдық сананы жаңғырту мүмкін емес. Алға ұмтылу үшін бізге сансыз рухани байлыққа ие болған отандық мәдениетіміздің қайнар көзіне тереңірек назар аударуымыз керек. Біз өткен тарихымызға, мәдениетімізге үлкен құрметпен қарауымыз қажет. Бұл мақалада ұзақ уақыт бойы өмір сүріп жатқан көптеген этникалық топтар үшін ортақ болып табылатын Қазақстан тарихын жан-жақты терең зерттеген абзал. Осы тұрғыдан алғанда бұл бағдарламалық мақалада тарихи, философиялық, мәдени, филологиялық, саяси, әлеуметтанулық және басқа да ғылымдарға арналған жұмыс бағыттарының үлкен тұғыры айқындалды.
Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеудің кеңістігі мен уақытын кеңейту аясында Ұлы даланың жеті қыры анықталды. Олар: Атқа міну мәдениеті; Ұлы даладағы ежелгі металлургия; Аң стилі; Алтын адам; Түркі әлемінің бесігі; Ұлы Жібек жолы; Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Бұл қырлар көшпенділер мәдениетінің аймағында пайда болып, бүгінгі күні өркениеттің жетістігі болып, қазіргі күнде әлемде кеңінен қолданылуда.
Тарихи сананы жаңғырту бойынша келесі ірі жобалармен бастау ұсынылды: Архив-2025; Ұлы даланың ұлы есімдері; Түркі әлемінің генезисі; Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі; Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы; Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі. Ұлт көшбасшысы архив ісіне ерекше назар аударады. Архив - халықтың деректі ескерткіші болып табылады, сондықтан «Мәдени мұра» бағдарламасының табысты жалғасы ретінде жеті жылдық бағдарламасын жасауды ұсынады, онда ежелгі дәірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттардың іргелі зерттеулері енді.
Ұлы дала әл-Фараби, Яссауи, Күлтегін, Бейбарыс, Тәуке, Абылай, Кеңесары және Абай секілді ұлы тұлғалар шоғырын мақтан тұтуымыз керек. Мемлекет басшысы атақты тарихи тұлғаларамызға ашық аспан астында ескерткіш мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың Ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу керектігі туралы – жаңа бағыт берді. Сонымен қатар, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларын жариялау қажет.
Менің ойымша жалпы, Ұлт Көшбасшысымен белгіленген жұмыс бағыттары Қазақстанның барлық ғылыми қоғамдастығы үшін басты бағдар болып табылады.
С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Г.Ғ. Ахметова