С. Торайғыров атындағы ПМУ сәулет-құрылыс факультетінің ғалымдары мен магистранттары «Сәулет-құрылыс және және дизайнерлік білім беру: заманауи тенденциялар мен кадрларды даярлаудағы технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның жұмысына қатысты.

Шара ҚР БжҒ министрлігі республикалық оқу-әдістемелік кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы шеңберінде өтті.

Білім беру саласына қосқан сүбелі үлесі мен оқу әдібиетін әзірлеудегі табыстары үшін министрліктің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен сәулет-құрылыс факультетінің ғалымдары: факультет деканы, т.ғ.д., профессор Марат Күдерин, өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Қуандық Саканов, сәулет және дизайн кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., Леонид Булыга, т.ғ.к., профессор Лариса Горшкова марапатталды.

Қ. Саканов жоғары білім беру саласына қосқан үлесі мен мамандарды даярлаудағы инновациялық қызметі үшін А. Байтұрсынов атындағы Алтын медальмен марапатталды.