С. Торыйғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің студенті Кирилл Тезичев штанганы жатып сығымдау бойынша Азияның абсолютті чемпионы атанды.

20 елдің спортшысы қатысқан чемпионат Даубайда өтті.

К. Тезичев 92 келілік салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетті. Жоғары бәсекелестікке қарамастан, «классикалық жатып сығымдау» бойынша 205 келілік штанганы көтеріп, үздік көрсеткішке ие болды. Сонымен қатар, «экиперовкада жатып сығымдау» бойынша 230 келіні көтерді.

Жалпы есеп қорытындысы бойынша спортшы қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атанды.

Еске сала кетсек, Кирилл Тезичев юниорлар арасында жатып сығымдау бойынша әлем чемпионы мәртебесіне ие.

Болашақта жас Токиода өтетін әлем чемпионатына қатыспақ.