С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова бастаған делегация «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ-да жұмыс сапарымен болды.

Кездесу барысында компания президенті Валерий Гриненко және бірінші вице-президент Марат Бугубаевпен кездесі өтті. 

Келессөздер нәтижесінде ғылыми және академиялық сала бойынша болашаққа бағдарланған жоспарлан белгіленді. 

Алдағы уақытта дуалды білім беру бойынша  «ЕЭК» АҚ базасында энергетикалық факультетінің студенттері оқыту және оқытушыларды тағылымдамадан өткізу жоспарланған. Ғылыми салада кәсіпорын аумағындағы күл қалдықтарын қайта өңдеу және қалпына келтіру мәселесін шешу бойынша бірлескен жұмыстар атқарылмақ. 

Бұл мәселелерді шешу үшін университеттің химиялық технологиялар және жаратылыстаны, энергетика, агротехнология және сәулет-құрылыс факультеттерінің ғалымдары жұмылдырылады. 

Шара барысында бас инженердің орынбасары Негмат Женаев көмір үйіндісі орнына экускурсия жүргізді. Сарапшылар алдағы уақытта топырақтың химиялық құрамын зерттеп, аталмыш мәселе бойынша ғылыми шешімдер жасамақ.