С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының студенттері агротехнология кафедрасы оқытушылық-профессорлық құрамының жетекшілігімен қаланы көгалдандыру жұмысына қатысты.

Б.ғ.к, қауымдастырылған профессор Виктор Камкиннің айтуынша, бұл Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы мамандарымен орман шаруашылығын дамытудың бірлескен сынақ жобасы болып табылады. Жоба дуалды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілуде. 

Ағаш отырғызуға арналған эесперименталды алаң ретінде жарты гектар жер алынды. Бұл жерге Шалдай орман тәлімбағында өсірілген қарапайым қарағай көшеттері отырғызылды. Мың жас көшет Павлодар қаласының маңындағы Шарбақты көпірінің аумағына отырғызылды.