С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерттік залында «Student talents» атты студенттік шығармашылық байқауы мәресіне жетті.

Жеңімпаз атану үшін Павлодар қаласындағы үш жоғары оқу орнының 16 студенті барын салды. 

Шығармашыл жастар бірнеше жанр бойынша бақтарын сынады. Бірі аспапта ойнап, ән айтса, екіншілері өлең оқып, би қабілеттерін ортаға салды. Әр қойылым мен ән көрермендерді тәнті етті. 

Қазылар алқасы байқау қатысушыларының жоғары кәсіби деңгейін атап өтті. 

Байқаудың бас жүлдесінен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Юрий Рыбалко қанжығасына байлады. Дарынды азамат танымал «Адажио» әнін орындады. Юрий Рыбалконың орындауына «Каприз» би ұжымы ерекше көрік берді. Шығармашылық топ мүшелері де байқаудың биігінен көрінді. 

Ал «Твингл» ұжымының бишілері екінші орын тұғырынан көрінді. Ал Ерасыл Кенжеханов вокалдық номері үшінші орынға ие болды.