2016 жылғы 30 шілдеде Павлодар қаласының зиялылары белгілі ғалым әрі талантты ұстаз Тамара Зозуляның мерейтойын атап өтті.

Тамара Николаевна көп жылдан бері тарих ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры. 

Т. Зозуля 50-ден аса ғылыми жұмыстардың авторы. Оның еңбектерінің ең ауқымдысы Павлодар облысының жерлеріндегі тың игеру тарихына арналды. Сондай-ақ, ғалымның Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстары мен «Қазақстан тарихы» (оқушыларға арналған оқу құралы) еңбегін ерекше атап өтуге болады. 

Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат мәселелері бойынша сарапшы Тамара Николаевна миграция және демография мәселелерін зерттеуге көп жылын сарп етті. 

Бұл күні белгілі ғалым облыстық және Павлодар, Ақсу қалалық әкімдіктерінің өкілдерінен құттықтауларын қабылдады. 

Және де мерейтой иесіне С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев жүрекжарды құттықтауын арнады.

– Ғылыми ізденісіңізде әрі саясаттанушы, әлеуметтанушы мамандарын даярлау бағытында атқарған ғалым-ұстаз ретіндегі Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз, – деді университет басшысы.