Талапкерлердің оқуға түсу кезіндегі басты тестілеуді үздік тапсыру мақсатында ПМУ Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындықты бастап кетті.

Басты мақсат – тестілеу барысында ҰБТ тапсырудың стандарттарына мейілінше сәйкес етіп жағдай туғызу. Осылайша, талапкерлер тестілеу процедурасын өту арқылы болашақтағы күйзелісті жеңе алады. Сондай-ақ, талапкерлер өз күштерін әр пәнге сйкесінше жүктеуді, тестілеуге толық зейін салуды және тест барысындағы толқуын жеңе білуді үйренеді.    

Тестілеу 3,5 сағат бойы өтеді. Ал тестілеуден кейін мектептерге әр қатысушыға сынама тестілеуден өткені туралы тізімдеме беріледі. Осы құжат бойынша ұстаздар оқушыларының кемшін және мықты тұстарын анықтап, тестілеуге дейін тиімді жұмыс жасауына септігін тигізеді.