С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқу орданың үздік дауыс иесін анықтау мақсатында «Алтын дауыс» байқауы өтті.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің  Қазақстан студенттер Альянсі ұйытқы болған байқау қалалық және облыстық өнер додаларының іріктеу кезеңі саналады. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев өз сөзінде байқаудың дарынды жастарды іріктеп қана қоймай, олардың өнерлерін қолдауға, танытуға университет себепші болатынын атап өтті. 

– Бүгінгі байқауда Павлодар мемлекеттік университетінің үздік үштік дауыс иелеріне музыкалық фанограмма жазуына университет қолдау көрсетіп, жеңімпазға бейне клип түсіруге көмектеседі, – деді Арын Амангелдіұлы. 

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Абылайхан Сәрсенбаев Павлодар мемлекеттік университетінің «Ең үздік дауысы» атанды. Екінші орын Самал Сұлтанғазинаға бұйырды. Ал үшінші орынды Ерасыл Кенжеханов, Наурыз Көпеш, Олжас Кузаиров үшеуі өзара бөлісті.