2014 жылдың 15 сәуірінде С.Торайғыров атынағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысы Лебяжі ауданының 11 сынып оқушыларына арнайы жоғары оқу орнының Ашық есік күні өтті.
Іс-шараны ашқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Айжан Кудерина, ПМУ әкімшілігі және профессорлық-оқушылар құрамының атынан Павлодар өңірінің ең ірі ЖОО-ның бірі – Павлодар мемлекеттік университеті туралы және ПМУ қабырғасында білім алудың артықшылығы жөнінде баяндамасын ұсынды.
Сонымен қатар, Лебяжі ауданынан келген қонақтарды С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры, п.ғ.д., проректор Нелли Пфейфер және ПМУ факультеттерінің декандары күтіп алды. Атап айтсақ, Металлургия машинажасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Тоқтағанов, Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Марат Кудерин, Энергетика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Александр Кислов, Қаржы-экономика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Тахир Эрназаров, Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің деканы, б.ғ.д., профессор Қанат Ахметов, Тарих және құқық факультетінің деканы, с.ғ.д., профессор Арман Әкішев, Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті, ф.-м.ғ.к., доцент Нұрлыбек Испулов, Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің деканы, ф.ғ.к., профессор Жақсыбай Сарбалаев, Агротехнологиялық факультетінің деканы, а.-ш.ғ.д., профессор Тоқтар Бексеитов.
Іс-шара барысында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге барып келген Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің 3 курс студенті Дұлат Жұмадилов аталмыш бағдарлама жөнінде өз пікірмен бөлісті.
Шара барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың басты трендін айқындап берген бейнефильмді жиналған оқушылар назарына ұсынды.
Жиналған қауым құрметіне ПМУ-дың студенттік филармониясының үздік орындаушылары, «Джем» би студиясы және «Павлодар Жастар құрамасы» КВН командасы өнер көрсетті.
Аталмыш кездесу барысында мектеп оқушыларына ЖОО-ның мамандықтары мен университет түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы ақпараттар беріліп, кеңес ұсынылды.