С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Марат Кудерин Еуразияның сәулет–құрылыс және дизайнерлер мектептерінің ІІІ халықаралық фестивалдің жұмыстарына қатысты.
Фестиваль өткізудің негізгі мақсаты – сәулет–құрылыс және дизайнерлер мамандарын даярлаудағы сапаны өсіру, сонымен қоса, студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіп иелерін дайындау.
Жобаны ұйымдастырушылар: Қазақ Сәулет-құрылыс академиясы, ТЮРКСОЙ халықаралық түрік мәдениеті ұйымы, Түркі әлемінің Сәулетшілер одағы және Йылдыз Техникалық университеті.
Фестивальге Қазақстан, Түркия, Молдова, Болгария, Литва, Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Татарстан елдерінің 48 жоғары оқу орынынан 100 өкіл қатысты. Олар халықаралық деңгейдегі 260-қа жуық дипломдық жоба ұсынылды.
Байқауда С.Торайғыров атындағы ПМУ атынан «Құрылыс», «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» және «Сәулет» мамандықтары бойынша бес үздік дипломдық жоба ұсынылды. Мұнымен қоса, Марат Қырықбайұлы «С.Торайғыров атындағы ПМУ құрылыс мамандықтары үшін SCAD Office есептеу комплексін енгізу тәжірибесі» атты баяндамасын оқыды.
Марапаттау рәсімінде С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің дипломдық жобалары жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Безуглов Андрейдің дипломдық жобасы «Ғимараттар мен құрылымдарды жобалау және есептеу» номинациясында үздік танылды.
Екінші деңгейлі дипломмен «Құрылыс өндірісінің технологиясы» номинациясында Абдразақов Алмастың жобасы марапатқа ие болды.
Екінші және үшінші деңгейлі дипломдармен «Қоғамдық ғимараттар» номинациясы бойынша Шишкина Алена мен Головлин Натальяның жұмыстары марапатталды.
Үшінші деңгейлі диплом Түгімбаев Дамирге берілді.