Торайғыров университетінің экономика кафедрасының оқытушылары Санкт-Петербургте өткен "Заманауи менеджмент: проблемалар мен перспективалар" атты XIX Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

 

ToU экономика кафедрасының меңгерушісі Алексей Титков, қауымдастырылған профессорлар Людмила Давиденко және Марал Амирова СПбМЭУ басқару факультетінің менеджмент және инновациялар кафедрасының меңгерушісі Анна Бездуднамен, СПбМЭУ басқару факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Погорельцевпен кездесіп, өнеркәсіптік өнімдердің экобрендингін жандандыру жөніндегі шараларды талқылады, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. СПбМЭУ ғалымдары ұйымдастырған "Жаһандану үдерістері жағдайындағы инновациялық және инвестициялық дамудың басым бағыттары" атты дөңгелек үстел біздің өңірлеріміздің экологиялық әлеуетін және серпінді идеяларды енгізу перспективаларын жаңаша бағалауға мүмкіндік берді. 

Сапар ҚР ҒЖБМ "Өңірдің өнеркәсіптік кешенінің технологиясын әзірлеу және экологиялық брендингін ілгерілету" атты грант жобасы аясында ұйымдастырылды.