Торайғыров университетінде әскери кафедра студенттерінің  салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. 

Шараға 167 студент қатысты. Жастарды жоғары оқу орнының ректоры Еркін Садықов құттықтады. 

- Студенттерге әскери істі меңгеру мен оқуда сәттілік тілегім келеді. Қазақстан дами берсін. Бізге отансүйгіш және елге адал қызмет ететін жас ұрпақ керек. Сондықтан, әскери патриоттық тәрбие - жастармен жұмыс істеудегі маңызды бағыттардың бірі.  Торайғыров университетінде бұл мәселеге баса назар аударылған және әскери кафедраға барынша қолдау көрсетіледі, - деді ректор Еркін Садықов. 

Жастар әскери кафедраға түсу үшін іріктеуден өтті. Олардың денсаулығы, физикалық дайындығы, күйзеліске төзімділігі мен оқу үлгерімі тексерілді. Оқу бағдарламасына төрт офицерлік мамандық кіреді - "Ұйымдастырушылық-жұмылдыру жұмысы", "Жалпыәскери құрылымдарды пайдалану", "Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау", "Қаржылық қамтамасыз ету", сонымен қатар, 4 сержанттық мамандық кіреді - "Атқыштар", "Жаяу әскер машиналары", "Өртке қарсы қорғау мен құтқару жұмыстары" және "Өртке қарсы қызмет". 


Торайғыров университетінің әскери кафедрасы 1962 жылы ашылған.