Торайғыров университеті Эразмус+ жобасының командасы Л. Н Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен Erasmus+ жобасы аясында "TRIGGER Орталық Азияда түлектерді жұмыспен қамту арқылы студенттердің кәсіпкерлік және инновациялық тәсілдерін ынталандыру" атты қорытынды жұмыс кездесуіне қатысты. 

 

Айта кетейік, ToU  ЕК және Орталық Азия (Словакия, Австрия, Франция, Греция, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан) университеттері кіретін жоба консорциумының мүшесі болып табылады. 

Кездесу барысында жобаның тұрақтылығы, іске қосу, диссеминация, кәсіпкерлік білім беру схемасының имплеменациясы, студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пәндерді енгізу, ЕntreComp платформасын пайдалану арқылы студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру  мәселелері талқыланды. Жоба қатысушылары өз университеттеріндегі жоба нәтижелерімен бөлісіп, жобаның 2024 ж. маусымында аяқталуынан кейін тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы ойларын жеткізді.