ВТорайғыров университетінде АҚШ Елшілігінің өкілдері Сара Смит пен Ольга Патеровамен кездесу өтті.

 

Кездесудің мақсаты - шетел филологиясы кафедрасында ToU-да АҚШ-тан ағылшын тілін оқыту бағдарламасын (English language Fellow Program) имплементациялауды талқылау, сондай-ақ американдық оқытушының академиялық жазу орталығының (АҚШ елшілігінің жобасы) жұмысына қатысуын талқылау.

Сонымен қатар, Торайғыров университеті Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің, сондай-ақ Steppe Global Education Foundation қорының қолдауымен Халықаралық білім беру институты (International Institute of Education) қаржыландыратын және әкімшілендіретін серіктестік бағдарлама шеңберінде қазақстандық-американдық университеттер Консорциумының мүшесі болды.

Консорциумға АҚШ пен Қазақстанның жоғары оқу орындары кірді, олар қаржыландырылатын жобаларға және АҚШ үшін шешуші маңызы бар оқу салаларында тұрақты әріптестік қатынастар құру жөніндегі бағдарламаларға қатысатын болады.