Торайғыров университетінің тарих пәні бойынша командасы XVI Республикалық пәндік студенттер олимпиадасында бірінші орынды иеленді.

 

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында тарих пәнінен XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті. Оған Қазақстанның 11 жоғары оқу орнынан 11 команда қатысты.
Торайғыров университетін "Entys generation" командасы ұсынды: Әмірхан Мұқатай, Толғанай Бейсенбі, Фатима Шакарова, Тұрар Танарбергенов және Полина Уманская.
Команданың жетекшісі - Анара Шабамбаева.


Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз және  одан да жоғары табыстар тілейміз!