Торайғыров университетінде "Жоғары білім берудегі менеджмент: теория және практика" тақырыбында университеттің профессорлық-оқытушылық, әкімшілік-басқарушылық құрамы мен негізгі стейкхолдерлер үшін қысқы әдістемелік онкүндік басталды.

 

- Нарықта бәсекеге қабілетті болуға ұмтылған кезде үнемі даму керек. Бұл жоғары білім беру саласындағы жұмысқа да қатысты. Егер өткен жылы мамандарды оқыту тәсілдері басқа болса, бүгінде олар мүлдем басқаша болуы мүмкін. Сондықтан студенттердің басым бөлігі демалыста болған кезде біз  Торайғыров университеті қызметкерлерінің құзыретін арттыру үшін жұмыс істеп жатырмыз.  Біздің ұжымда ЖОО-мен бірге өсуге дайын нағыз кәсіпқойлардың болуы маңызды, - деп атап өтті ЖОО ректоры.


Әдістемелік онкүндік шеңберінде оқу процесінде жасанды интеллектті пайдалануға, инновациялық білім беру бағдарламалары үшін оқытудың және бағалаудың заманауи әдістеріне арналған жұмыс топтарының кеңестері, семинарлар мен тренингтер жоспарланған.

Сондай-ақ, "Павлодар облысының жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы" негізінде әзірленген инновациялық білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша атқарылған жұмыстар қаралатын болады.

Онкүндік екі апта ішінде өтетін болады.