Торайғыров университетінде диссертациялық кеңестер өз жұмыстарын жалғастыруда.


 

"Антропогендік әсер ету жағдайында Солтүстік-Шығыс Қазақстанның ұсақ сүтқоректілерінің фаунасы мен экологиясы" тақырыбында докторант Әсел Заканованың биология мамандығы бойынша докторлық диссертациясы қорғалды.
Ғылыми кеңесшілер – Нұрлан Ержанов, биология ғылымдарының докторы, ToU биология және экология кафедрасының профессоры және Юрий Литвинов – биология ғылымдарының докторы, профессор, ФГБУН систематика және жануарлар экологиясы институтының қауымдастықтар мен омыртқалы жануарлар экологиясы зертханасының меңгерушісі, Новосібір қ., Ресей.
Диссертация Торайғыров университетінің  биология және экология кафедрасында орындалды.
Жыл сайын университеттің және басқа да қазақстандық жоғары оқу орындарының  докторанттары қорғаудан өтеді.
Университетте биология, электр энергетикасы, көлік, көлік техникасы және технологиясы, металлургия, филология және педагогика және психология бағыттары бойынша барлығы алты диссертациялық кеңес жұмыс істейді.