Торайғыров университетінде "Командалық жұмыстағы жеке тиімділік" тақырыбында тренинг өтті.

 

Спикер ретінде Аmbition компаниясының бизнес-жаттықтырушысы Светлана Байгалиева сөз сөйледі.

 

Екі күн ішінде ЖОО қызметкерлері команданың чек-парақтарын, қызметкерлер қызметінің тиімділік сызбаларын және олардың деңгейлерін талдады.

 

- Уақыт жеке тиімділікке байланыстырылған. Оны қайдан табуға болады, ең басты жұмысқа көп уақытты қалай босатуға және басымдық беруге, тиімділікті арттыратын құралдар мен техникаларды алуға болатындығы жайлы ЖОО қызметкерлері үшін тренингте айтылды,-деп атап өтті ТоU HR-қызметінің директоры Анар Жәкішева.

 

Тренингті команданың тиімділігіне қол жеткізу үшін HR қызметі ұйымдастырды.