Құрметті оқырмандар !
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі А.Б ейсенов атындағы кітапханаға жүйелі түрде ілімнің барлық саласына қатысты жаңа кітаптар түседі.
Мәселен, ел экономикасының тез жетіліп, жаңаруына сәйкес кітап баспасынан ғылыми жаңа басылымдар көптеп шығарылуда. Осыған қатысты жоғары оқу орындарында және колледжде оқитын студенттер мен дәріс беретін оқытушы-профессорлар үшін қажетті ғылыми кітаптармен таныс болыңыздар:
1. Бердалиев К.Б. «Стратегиялық менеджмент». - атты оқулықта қазіргі заманда дайындалып жатқан эканомика саласындағы мамандар үшін өте құнды және бұл кітап жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге, магистранттарға және басқару саласындағы ізденушілерге айналған. ОЗ-5., АБ-20 дана бар.
2. Жұмамбаев С.К. «Өндірістік менеджмент». Өндірісті ұйымдастырудың ұстанымдары мен әдістері, техникалық қызмет көрсету, кәсіпорындағы инновациялық, өнім сапасын жақсарту, отандық және шетелдік тәжірибелер көрсетілген. Әр тарау бойынша бақылау сұрақтары мен практикалық тапсырмалар берілген. ОЗ-2, АБ-48 дана бар.
3. Қалдыбаев Е.К. «Салықтық бақылау теориясы және жүргізу әдісі». Экономика саласы бойынша жоғары оқу орындарындағы оқушылар мен асперанттарға және студентермен салалық саласындағы мамандарға арналған. Оқулықта қызмет органдарын бақылау әдістері көрсетілген. АБ-8 дана бар.
4. Жүнісбекова Г.К. «Кәсіпорындағы контроллинг» атты оқу құралы экономикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарға, жас мамандарға және өз білімдері мен кәсіби деңгейлерін көтергісі келетін оқырмандарға арналған. ОЗ-2, АБ-28 д.б.
Кітапхана оқырмандарының сұранысына ие болған несие, қаржы туралы кітаптарға тоқталып өтсек:
5. Шарипов А.Қ. «Аудит» атты оқу құралда аудиттің мәні, мақсаты және түрлеріне тоқталып,а нықтама берілген. Аталмыш кітап жоғары оқу орындарының студентер мен кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін мамандар үшін нақтық аудиторлық тексеру процедуралары мен есептер, оның дұрыс жауаптары берілген және тест сұрақтарымен толықтырылған. ОЗ-2, АБ-8 д.б.
6. «Ұлттық экономика». Қазақстанның ұлттық экономикасының ғаламдану жағдайындағы ерекшеліктері, оның қалыптасу тенденциялары әлемдік экономиканы экономикалық жүйелерінің интерграциялық процестері тұрғысынан қарастырылған. Студентерге, оқытушыларға, магистранттар, аспиранттар, бизнес-құрылымдарының, ғылыми және мемлекеттік қызметтеріне арналған. ОЗ-2, АБ-18 д.б.
7. Құлпыбаев С. «Қаржы». Категориясының, оның құрылымдық бөліктерінің жұмыс істеуінің мәні, ерекшеліктері мен әрекет қағидалары баяндалған. Казіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы қаржының көкейкесті проблемалары көрсетілген. Студенттерге, магистранттарға арналған.ОЗ-2, АБ-18 д.б.
8. Тулембаева А.Н. «Логистика». Ғылымның даму мәселелері қарастырылған. Логистикалық қағидалары, материалдық, ақпараттық және кедендік, жаһандық даму бағыттары көрсетілген. Студенттерге, сонымен қатар логистика, маркетинг, менеджмент саласындағы ғалымдар мен мамандарға, ғылыми қызметкерлерге, кәсіпкерлерге арналған. ОЗ-2, МФ-2, АБ-26 д.б.
9. Үмбетәлиев А.Д. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік». Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары, оның сыртқы және ішкі ортасы. Экономикалық қорлары мен бизнес жоспарлары, тауар саясаты мен баға стратегиясы, басқару ұйымдарының құрылымы мен қызметі, кәсіпорын қызметінің тоқтау себептері жан-жақты баяндалған. Бұл оқулық студенттерге, магистранттарға, жалпы оқырман қауымға арналады. АБ-50, Колледж-8 д.б.
Шолу жасалған кітаптардың тізімі:
1. Бердалиев К. Б. Стратегиялық менеджмент. – Алматы, 2011.
2. Жұмамбаев С. К. Өндірістік менеджмент. – Алматы, 2011.
3. Қалдыбаев Е. К., Маткаримова Л. К. Салықтық бақылау теориясы және жүргізу әдісі. – Алматы, 2011.
4. Жүнісбекова Г. К. Кәсіпорындағы контроллинг. – Алматы, 2010.
5. Шарипов А. Қ. Аудит. – Алматы, 2010.
6. Ұлттық экономика. – Алматы, 2010.
7. Құлпыбаев С. Қаржы. – Алматы, 2011.
8. Тулембаева А. Н., Бейжанова А. Т. Логистика. – Алматы, 2011.
9. Үмбетәлиев А. Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. – Алматы, 2009.
Назар аударып, тыңдағандарыңызға рахмет.