Ғылыми-библиографиялық бөлімі библиографиялық көрсеткіштерді, әдебиеттер тізімін құрастырумен айналысады. Осы жұмыстың мақсаты - С.Торайғыров атындағы ПМУ-тің ғылыми кітапхананың қорын ашу, айқын тақырыптар бойынша ең жақсы әдебиет шығармаларын насихаттау. Оқырмандар С.К.Елмуратов, Р.Ш.Еркасов, М.Аятханұлы, В.Ф.Хацевский, Г.Н.Иренов сияқты ғалымдарға арналған «ПМУ ғалымдары» сериясынан, «Бұхар жырау», «Шәкәрім Құдайбердиев», «С.Торайғыров»; библиографиялық тізім: «Кітапхана ісі: теория және практикасы» (6 шығ.) библиографиялық көрсеткіштерге үлкен қызығушылығын көрсетеді. С.Торайғыров атындағы ПМУ өткізген «Сатпаев оқулары», «Ержанов оқулары», «Механика, құрылыс және машина жасаудың қазіргі мәселелері» атты конференция материалдарының көптомдық басылымдарына арналған көмекші көрсеткіштер бастырылып шығарылды.

 

 

Көмекші көрсеткіштер көптомдық басылымдарға кіретін материалдарды өте тез табу мақсатымен құрастырылған.

Соңғы уақытта 21 жеке және әнбебап көрсеткіштер құрастырылып шығарылды.

Оқу және ғылыми жұмыстарға қолданылған библиографиялық әдебиет тізімін құрастыруға ПМУ-де ПОҚ-на және оқып жатқандарға практикалық көмек көрсету мақсатында ғылыми-библиографиялық бөлімі «Құжаттың библиографиялық сипаттауы» атты әдістемелік сипатамалар шығарды. Толығырақ мәлімет алу үшін «Библиографиялық сипаттау» мақаласынан қараңыз.

 

 

Бүгінгі күнде кітапхана ісі бойынша қазақ тілінде оқулықтарының жетіспеушілігі сезіледі. Ғылыми кітапхана директоры, ОФК кафедрасының аға оқытушысы С.А.Исмадиева құрастырылған «Кітапханалық қатынас» оқу құралының шығуы ҒК кітапхана қызметкерлеріне, 040518 «Кітапхана жүргізу және библиография» мамандығының студенттері үшін үлкен бір болды.

 

 

Берілген кітапты біздің студенттеріміз сабаққа дайындалу кезінде электрондық және басылған түрінде пайдалана алады.

«Мәдени мұра – Культурное наследие» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2006 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми Кітапханасына оқулықтар түсе бастады.

2006-2008 жылдар аралығында 5,5 млн. Теңгеге 845 түрдің әртүрлі басылымдардың 5621 данасы алынды. Қазақ тіліндегі ғылыми басылымдар ең үлкен үлесін құрайды (2619 дана). Олар әртүрлі энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, өнер жайлы фотосуреттер, Қазақстан тарихынан басылымдар. Ғылыми әдебиеттен басқа кітапхана 1808 дана қазақстандық классиктері мен авторларының қазіргі әдеби шығармалар, қазақ тіліне аударған шетел классикалық әдебиет басылымдарын алды.

2008 жылдың желтоқсанында қазақ тілінде Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 150 жыл толуына арналған 3 томдық шығармалар жинағы мен Ш.Құдайбердиев туралы оқулығын алдық. «Қажыма ойым қажыма» атты бірінші томына өлеңдер жинағы, «Өкінішті ғұмыр» екінші томына романдар, шежіре, аудармалар, «Үзілмеген үміт» атты үшінші томына мақалдар, еске алулар зерттеулер кірді. Шәкәрім жайындағы кітаптардың авторлары Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын әртүрлі көзқарастардан зерттеді. Арап Еспенбетовтың кітабы Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт шығармашылықтарының өзара байланысына арналған, Балтабай Әбдіғазизұлының «Шәкәрім әлемі» атты кітабы лирикалық және эпикалық поэзияны, прозаны және Шәкәрім аудармаларын зерттеуге арналған, Ерлан Садықовтың «Шәкәрім және Алашорда» атты кітабы Алашорда халық партиясының қатарындағы Шәкәрімнің іс-әрекетіне арналған, Гарифолла Есімнің «Намыс туралы ғылым» атты кітабында Шәкәрім мен Абайдың шығармашылығын зерттейді.

 

«Мәдени мұра – Культурное наследие» мемлекеттік бағдарламамен алынған барлық басылымдарды абонаменттен алуға болады. Осы бағдарламамен түскен жаңа әдебиеттің тізімімен танысу үшін электрондық қаталогтың «Название серии» алаңшаңынан қазақ тілінде «Мәдени мұра» орыс тілінде «Культурное наследие» басылымдардардың сөздерін теру қажет.

Соңғы уақытта кітапхана қоры электрондық басылымдармен толықтырылып жатыр. Данасы аз әдебиетке ерекше көңіл бөлінеді. Кітапхана қызметкерлері осы кітаптарды сканер арқылы электрондық түрге аударады. Кітапхана медиатекасында орналасқан кітаптар тізімін оқытушылар мен студентердің назырына ұсынамыз.

Қазіргі уақытта абонемент қызметкерлері студенттерге екінші семестрге кітаптарды беру жұмысымен айналысуда. Кітапханашылар осы кезеңдегі ешқандай қиындықтарға қарамай студентерге тез және сапалы қызмет көрсетеді. Сонымен қатар қарыздар студентермен жұмыс жасалып жатыр: Барлық кафедраларға қарыздар студентердің тізімдері, ауызша ескертулер ұйымдастыруда, телефон арқылы хабарланып жатыр. 16 ақпаннан 21 ақпанға дейін қарыздар студентер үшін «Кешіру жұмасы» өткізіледі.

Қазіргі уақытта кітапханалардың қажеттілігі тек қана ақпарат алу үшін ғана емес, сонымен бірге басқару жұмыстың және құжаттардың сапалы дұрыс ұйыдастырылуы көбейді. «Ережелер, қызмет нұсқаулары», технологиялық нұсқаулар, сапа менеджмент сияқты түсініктер кітапхана ісі мамандарында күнделікті айналымда жүреді. Жуырда «Оқу кітапхана жұмысының құжатты қамтамасыздандырудың қазіргі талаптары» деп аталатын ПМУ ғылыми кітапхана негізінде колледж және кәсіби лицейлердің кітапханашыларына облыстық семинар өткізілді. Cеминарда «Кітапхана қызметін реттейтін негізгі құжаттар» «Құқықтық мәдениет – ішкі нормативті құжаттанудың көрсеткіші ретінде. Құжаттарды бекіту тәртібі», «Ақпараттық қауіпсіздік контексіндегі кітапхана мен пайдаланушының ұйымдастыру-құқықтық қарым-қатынасы», «Кітапхана қорын есептеу, есеп құжаттарын жүргізу» (Есеп құжаттардың электрондық түрін көрсету), «Кітапхананың үрдістері мен операцияларына технологиялық құжаттарды құрастыру». 

Жыл сайын ғылыми кітапхана қызметкерлері өздерінің ғылыми мақалаларын, кәсіби басылымдар беттеріндегі мақалаларды, ғылыми конференция жиынтықтарында шығарады. 2008 жылы 28 аса басылым басылып шықты.

Әдебиеттерді өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің санаты жоғары кітапханашысы, ОФжКК оқытушысы, «Психология және педагогика» кафедрасының ізденушісі Г.К.Аманова Павлодар: ПГУ, 2008.-Т.2.-Б.113-139 «Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. «Павлодар Ертіс өңірінің әлеуметтік-экономикалық және тарихи дамуының алғышарттары мен басымдылығы» » жинағында «Қазіргі заман оқырман оқуының мәдениеті мен педагогикасы» атты мақаласын шығарды. Дүние жүзінің ғалымдары, мәдениет қайраткерлері және жұртшылық қоғам дамуына мәні өте бағалы кітапқа, кітап оқуға қызығушылықтың төмендеуі туралы күйзеледі. Осы мәселенің зерттелуінің айқындығы Г.К.Аманова мақаласында көрсетілген. Мақалада қазіргі заман оқырманының оқу мәдениеті мазмұнының талдауы ПМУ студенттері мысалында көрсетілген.

ҒКБ қызметкерлері Н.К Курбатова, А .Бораналинова, Г.К Кайсина, Т.А.Макаренко, О.С.Гордиенко, А.В. Китанова кітапханалық өлкетану мәселелерін ПМУ жұмысының тәжірибесін баяндау туралы: Павлодар: ПГУ, 2008.-Т.1.-Б.25-28 «Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. «Павлодар Ертіс өңірінің әлеуметтік-экономикалық және тарихи дамуының алғышарттары мен басымдылығы» жинағында «Павлодар облысының тарихын тану қайнар көзі ретінде библиографиялық ресурстар» мақаласы дайындалды. Осы жинақта ҒК директоры С.А Исамадиеваның «Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана: қазіргі шағы мен өткен шағы» мақаласы да ұсынылған.