Тәрбие жұмысы
Факультеттің тәрбие жұмысының басты мақсаты студенттердің рухани дамуына жағдай жасау, азаматтық және патриоттық құндылықтарға тәрбиелеу, оларды университеттің қоғамдық өміріне қызықтырып, жалпыбілімділік, кәсіби және саяси өмір деңгейін көтеруге ықпал ету, өз-өзін жеке тұлға ретінде ұсына білуіне жағдай жасау болып табылады.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің басшылығы, профессрлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен бірінші курс студенттері 2016 жылдың 10 қыркүйегінде Денсаулық күнін табиғат аясында тойлады.
Денсаулық күнінің бағдарламасына сай волейбол, футбол, гир көтеру, армрестлинг және басқа да спорт ойындары бойынша сайыстар өтті.
Арқан тарту сайысынан физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері жүлделі орындарды ұтып алды: ұлдар арасында – 1 орын, қыздар арасында – 2 орын.
Күрес сайысының нәтижесіне сәйкес, физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің командасы 1-орынды иеленді.
2015 жылы 27 қазанда факультеттер арасында өткен ««Келісімге таным арқылы жету» конкурс-викторинада ТЖ жөніндегі декан орынбасары белсенді араласқаны үшін мақтау грамотасымен марапатталды, ал 9 студентіміз ««Келісімге таным арқылы жету» сертификатын алды. Біздің командамыз «Бір үйдің балалары» деп аталды.
2015 жылдың 9 желтоқсанда Пр-102 тобының студенті Каирбекова Маржан «Мисс ПМУ-2015» факультеттер арасындағы сұлулық сайысына қатысып «Интернет-көзайымы» номинациясын жеңіп алды.
2015 жылдың 12 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай факультеттер арасында өткен пейнтболдан жарыста физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінен «Alga FM» тобы қатысты. Құрамында ЕТжБ-101 Мүсілім Е., Инф-102 Турковский Юрий и Физ-101 Казбекова Замзагуль болған бұл топ жүлделі 2-ші орынға орналасты.
2016 жаңа жыл қарсаңындағы Жаңажылдық іс-шарада «80-ші жылдардағы дискотека» тақырыбында әртүрлі конкурстар өткізілді. Конкурс талаптарына сай, артистік, тұтастық, ұйымшылдық, бірегейлік, белсенділік танытқан ФМжАТ факультетінің ұжымы – 1 орынды ұтып алды.
«Денсаулық – зор байлық» спартакиадасына факультеттің ұжымы 6 түрлі спорт түрлерінен жарыстарға белсене араласты. Нәтижесінде біздің факультеттің ұжымы жалпыкомандалық бірінші орында болды. Факультет деканына ректор Кубогі және диплом тапсырылды.