Кафедраның құрылу тарихы

«Физика және аспап жасау» кафедрасы 1961 жылы Павлодар индустриалды иститутында құрылған.

Кафедраның құрылуына еңбегі сіңгендер: т.ғ.д., профессор В.О.Волошин, п.ғ.к. Л.Я.Грабельковская, т.ғ.к. Батракова Л.М., Карабаева Н.Е., Музалевская Н.Н. 70-ші ж. басы мен ортасында кафедра құрамы Москва, Ленинград, Томск, Новосибирск, Алматының үздік университтерінің түлектерімен толықты: ф.-м.ғ.к. Омаров М.М., ф.-м.ғ.к. Румянцева В.С., ф.-м.ғ.к. Виноградов А.А. (қазіргі кезде Ангол университетінің профессоры), п.ғ.к. Алинова М.Ш., Третьякова Л.М., ф.-м.ғ.к. Биболов Ш.К., ф.-м.ғ.к. Дворецкий В.Я. (қазіргі уақытта өкіметте ҚР парламентінің арнайы өкілі), ф.-м.ғ.к. Гольман М.Б., профессор Омаров Е.С. (қазіргі уақытта Қайнар университетінің ректоры), профессор Марденов М.Ф. (қазіргі уақытта ЕИТИ ректоры), т.ғ.к. Марданов Ж.М.

Физика және аспап жасау кафедрасының зертханалары жақсы жабдықталған , оқу жоспарларына сәйкес барлық физика бөлімін қамтитын зертханалық жұмыстармен қамтамасыз етілген. Лабораторияның құрылуына меңгеруші Ульянич В.Б., Быкова С.В. үлкен үлес қосты. 1988 жылы қазақ тілінде физиканы оқыту басталды. 80-ші жылдары ПИИ студенттер командасы физика бойынша бірнеше мәрте Республикалық олимпиадаға қатысып, жүлделілер қатарынан орын алды. 2001 жылдан физика бойынша олимпиадаға ПМУ командасы қатысып, жеңіспен оралуда, команданың бұрынғы мүшелері Т.С.Досанов, Т.Г.Кисиков кафедрада сабақ береді. 1996 жылы ПМУ құрамына Педагогикалық институт енді және кафедра «Физика және математика», «Физика және информатика» мамандығы бойынша түлектер шығарды. 90-шы жылдары кафедраның дамуына ф.-м.ғ.к. Макиенко Н.Ф., ф.-м.ғ.к. И.И.Злотников, ф.-м.ғ.к. Ковтунец В.А., п.ғ.к. Еслямова У.Б., п.ғ.д. Кертаева Г.М., п.ғ.д. Нурумжанова К.А., ф.-м.ғ.к. Игонин С.И., доцент Гутенко А.Д. үлес қосты.

 

 

 

Кафедраның дамуындағы жаңа кезең 2001 жылы «Физика», 2003 жылы «Машинажасау» мамандықтары бойынша магистратура, 2002 жылы «Қатты денені деформациялау механикасы» аспиратурасының ашылуымен байланысты. 2006 жылы кафедра түлектері: Испулов Н.А., Сарымова Ш.Н. кандидаттық диссертация қорғады. Он шақты түлек магистратураны тәмамдап, факультеттің физика, математика және ақпараттық технология кафедарасында қызмет етеді, сонымен қатар ПМПИ, ИнЕУ-де қызмет жасайтындар: Ельтинова Л.А., Бектуганова Э.Ш., Пешков Е.А., Адайхан С., Курманов А.А. АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы бойынша Байжанов А.А. магистратурада, Науразбекоава А.С., Борсукбаева А. ЕҰУ докторантурасында оқыған. Қазіргі уақытта АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кисиков Т.Г. докторантурада оқып жүр.

Кафедра түлектері жоғары және орта оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институтында, завод лабораториясында, өндірістің түрлі саласында қызмет жасайды.

 

Кафедра басшылығы

Т.А.Ә.: Досанов Талгат Сапарғалиұлы

Лауазымы: «Физика және асапап жасау» кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми, академиялық дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты

Ғылыми, академиялық атағы: С.Торайғыров ат. ПМУ доценті

Білімі: Жоғары, С.Торайғыров Павлодар мемлекеттік университеті

Оқытатын пәндері: Физиканың жалпы және теориялық курстары, Физикалық процесстерді моделдеу

Еңбек өтілі: 14 жыл, 2003 жылдан осы уақытқа дейін ФжА кафедрасында қызмет етеді.

Ғылыми еңбектерінің тізімдері: 20 астам ғылыми публикациялар бар

Ғылыми зерттеу саласы: Толқынды процесстердің физикасы

Марапаттар, дипломдар, сертификаттар:  

1. Курс ИПК - "III Летняя физическая школа" - 64 часа - 03.07-14.07.2007 - Павлодар, ПГУ им. С. Торайгырова - Регистрационный №2974.

2. Курс ИПК - "IV Летняя школа" - 60 часов - 03.07-13.07.2008 - Павлодар, ПГУ им. С. Торайгырова - Регистрационный №3894

3. Курс ИПК - "Применение дистационных технологий в образовательном процессе" - 18 часов - 12.01-19.01.2009 - Павлодар, ПГУ им. С. Торайгырова - Регистрационный №4306

4. Курс ИПК - "Применение дифференциальных уравнений для решения задач механики деформируемого твердого тела. Проблема устойчивости и прочности" - 12 часов - 11.06-17.06.2009 - Павлодар, ПГУ им. С. Торайгырова - Регистрационный №4582

5. Курс ИПК - "V Летняя физическая школа" - 30 часов - 05.07-12.07.2009 - Павлодар, ПГУ им. С. Торайгырова - Регистрационный №4647

6. Курс ИПК - "V Летняя физическая школа" - 72 часов - 01.07-12.07.2009 - Павлодар, ПГУ им. С. Торайгырова 

7.  Ғылым және техника төңірегіндегі «ОФ Қазақстан Республикасының алғашқы фонды» премиясы

Байланыс телефоны: жұм.тел.: +7(7182) 673626 (ішкі 1170)

 

Кафедраның мекен-жайы:

ФжАЖ кафедрасы Ломов көшесі 64, А-407 а орналасқан, телефоны: 673626 (ішкі. 1170)

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Оқу-зертханалық базасы

 Үздік түлектер

 Кафедра жетістіктері

Ғылыми – зерттеу жұмысы

Оқу және оқу-әдістемелік жұмысы

Тәжірибелік жұмысы

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары

Мамандандырылған аккредитация туралы куәліктер

Сертификаттар