1. Дербес Қазақстандық агенттігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ететін аккредитациялық (НКАОКО) кеңесінің шешімімен 2014 жылы факультеттің білім бағдарламаласы: 6М011100 «Информатика», 5 жылға мамандандырылған аккредитациядан өтті.
2. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша 2015 жылы факультеттің барлық білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзіммен аттестациядан өтті.
3. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ИС-302 тобының студенті Давыденко Иван, АЖ-301 тобының студенті Алинов Ержан Балттық халықаралық университетінде (Латвия, Рига қ.), ИС-202 тобынан Тажкеев Ерболат Қолданбалы ғылым университетінде (Австрия, г. Сант-Пёльтен), ММис-22н тобының магистранттары Потапенко Александра, ММинф(о)-22н Нарханова Динара Балттық халықаралық университетінде (Латвия, Рига қ.) білім алды, 2015-2016 жылы бірінші семестрде Лодзин университінде, Польша (ИС-202с Ануарбеков Диас), Рижск техникалық университетінде, Латвия (МАЖ-21н Ирманова Айдана) білім алуда.
4. «ТЕМПУС» бағдарламасының Алтыншы Конкурс қорытындысы бойынша жобаны қаржыландыру үшін Еуропалық Одақ комиссиясы 2013 жылдың қазан айында Павлодар мемлекеттік университетінің 3 жобасы таңдаған. Осы жобаның біреуін факультет оқытушысы орындайды. Жобаның тақырыбы: «Озық өндірістік жүйелерді жобалау және әзірлеу үшін магистрлік деңгейде жоғары білікті инженер қалыптастыру әдістемесі».
5. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы арасында жыл сайынғы спартакиада шеңберінде, жарыстың барлық түрлері бойынша 1 орынға ие болды, нәтижесінде жалпыкомандалық 1 орынды еншіледі, дипломдар және ректордың ауыспалы кубогы алды.
6. Біздің түлектеріміз Қазақстан өнеркәсіптерінің бастаушы мамандары болып саналады – «Қазақтелеком» АҚ, «Алюминий Казахстана» АҚ, «ПНХЗ АҚ», «Казхром» АҚ ТНК, «Кастинг» ЖШС, Альянс банк, Евразиялық банкі, Ресей сбербанкі, Халық банкі, Темірбанк, Цеснабанк және т.б.
7. 2018 жылы 6 қарашада «6D071800-Энергетика» мамандығы бойынша Потапенко Александра Олеговна диссертация қорғады. Диссертация тақырыбы: «Қозғалыстан режіміндегі асинхронды қозғалтқыш роторының қысқа тұйықталған орамаларының зақымдануын диагностикалау жүйелерін әзірлеу».