КЕАҚ «ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІ»
"Ауыл шаруашылық ғылымдары" факультеті
"Зоотехнология
және ветеринария" кафедрасы
Бакалавриат және мамандандырудың білім беру бағдарламалары: Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы және ветеринарлық медицина
"Зоотехнология және ветеринария" кафедрасы 2010 ж. шілде айында ПМУ ректоры э. ғ. д., профессор Е. М. Арынның бастамасымен құрылып агротехнологиялық факультеттің құрамына кірді.
6В08201 - "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" және 6В09101 - "Ветеринарлық медицина" оқу бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды.
Білім беру саласы: 6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
Дайындау бағыттарының коды және жіктелуі: 6В082 мал шаруашылығы және 6В091 ветеринария
Білім беру бағдарламаларының тобы: В078 мал шаруашылығы және 6В083 ветеринария
Оқыту траекториясы (бар болса): "Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу негіздерімен өндіріс технологиясы";" Мал шаруашылындағы АТЖ негіздерімен селекция"; Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» "Ветеринария негіздерімен мал шаруашылығы өндірісінің технологиясы".
Бітірушінің кәсіби қызмет саласы Мал шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, фермерлік және шаруа қожалықтары, мемлекеттік мекемелер, ауыл шаруашылығы саласындағы орта кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады.
Кәсіптік қызмет объектілері: АӨК кәсіпорындары; ауыл шаруашылығы саласында кадрларды даярлау мен қайта даярлауды жүзеге асыратын кез келген үлгідегі ғылыми-зерттеу ұйымдары, орта кәсіптік білім беру мекемелері.
Кәсіптік қызмет пәндері Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығындағы технологиялық үрдістер, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және шикізатты өңдеу, мал шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру жұмыстары, соңғы өнім сапасын бақылау жүйесі, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы кәсіпорындарындағы сапа менеджменті жүйесі, кәсіпорындағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін және АӨК-дегі Ветеринариялық қауіпсіздік.қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.
Кәсіптік қызмет салалары ауыл шаруашылығы құрылымдары, ветеринариялық зертханалар, мемлекеттік ветеринариялық мекемелер, ғылыми-зерттеу мекемелері, мемлекеттік шекара, кеден, жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдерді сатумен айналысатын базарлар мен сауда мекемелері, ет комбинаттары, білім беру мекемелері және т. б. болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері: өндірістік-технологиялық; ұйымдастыру-басқару, ғылыми-зерттеу қызметі. Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кәсіпорындарын оқыту траекториялары бойынша бөлу. Білім беру бағдарламасы қарастырылған кәсіпорындар:
- "Галицкое" ЖШС, "Рубиком" ЖШС, "Сут" АҚ,"Победа" ЖШС;
- "Агродаму" ЖШС, "Үштерек" ЖШС, "Ертіс"ОХ ЖШС;
- "Шарбақты-Құс" ЖШС, "Павлодар-Құс" ЖШС, "Қызылжар-Құс" ЖШС, "PVL Turkey"ЖШС
- "Забота" , "Жан" ветеринарлық клиникалары және "Ертіс"жоғары инновациялық колледжі.
Кафедрада студенттер ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша жоғары оқу орындарында білім алады:
- Алтай мемлекеттік аграрлық университеті Барнаул қ., РФ;
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қ.;
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университеті.;
- КеАҚ Шәкәрім атындағы Семей университеті
сыртқы: Еуропа елдері.
Қосымша білім беру және өзге де қызметтер:
- әскери кафедра
- әлеуметтік студенттік несиелер (еріктілікке тарту) және басқалар.
Түлекке берілетін дәреже (біліктілігі): 6В09101 «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария маманы.
8(7182) 67-36-41 ішкі телефон 1207