«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының негізі, сол кездегі университеттің барлық факультеттерінің студенттері үшін «Химия» пәнінен білім беретін, «Химия» кафедрасының базасында 1996–1997 оқу жылында салынды. Университетке 1993–1994 оқу жылында «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарына, 2003–2004 оқу жылынан бастап «Химия» мамандығына студенттер алғаш рет қабылданды. Бұл мамандықтардың ашылуы Павлодар облысында ЖШС «Павдлодар мұнай-химия зауыты», АҚ «Қазақстан алюминийі», АҚ «Ақсу ферро-қорытпа зауыты», АҚ «Каустик» тәрізді химиялық бағыттағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сонымен қатар аймақта энергетикалық кәсіпорындарда химиялық технологияларды қолданатын химиялық цехтардың орналасуымен түсіндіріледі. Кейінірек аталған кәсіпорындарға ЖШС «Компания Нефтехим LTD», АҚ «Қазақстан Электролиз зауыты», ЖШС «УПНК ПВ», ЖШС «АгроХимПрогресс» және т.б. кәсіпорындар қосылды.
Кафедрада кадрларды дайындау екі деңгейде – бакалавриат және магистратура жүргізіледі. Кафедраның қызмет етуі кезінде 25-тен артық рет химик-технологтар шығарылды және кафедра аймақтың химиялық өнеркәсібі үшін кадрларды дайындайтын негізгі орын болып табылады. Кафедраның түлектері өздерін жоғары санатты мамандар ретінде көрсетті және жақсы нәтижелерге жетті. Олар жоғары қызмет орындарында жұмыс атқарады.
Қазіргі уақытты ОЗХТ, БЗХТ, Химия мамандықтарының студеттері мен магистарттарының саны 250-ге жуық. Кафедрада ғылыми және өнеркәсіптік іс әрекетте үлкен тәжірибеге ие жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді.
Тел: 8 (7182) 673651, (ішкі 1173)