Кафедра тарихы

«Тұлғалық даму және білім беру» кафедрасы Торайғыров университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің құрамына кіреді, кафедра меңгерушісі – Ресей Федерациясының педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика профессоры, Ресей жаратылыстану академиясының академигі, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Аубакирова Рахила Жуматаевна.

Қазіргі уақытта кафедрада 26 оқытушы, 2 практика оқытушы, 4 постдокторант, оның ішінде: 1 педагогика ғылымдарының докторы, 1 РФ педагогика ғылымдарының докторы, 4 педагогика ғылымдарының кандидаты, 2 психология ғылымдарының кандидаты, 9 PhD докторы, 3 әлеуметтік ғылымдар магистрі, 4 педагогика ғылымдарының магистрі, 1 "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша ғылым саласындағы магистр, 1 білім магистрі, 1 РФ визитинг-профессоры.