-

| 333
Толығырақ
2022-09-06 00:00:00

Студенттер назарына!

 

Кампустарда орын беруге қабылданған өтінімдерді қарастыру, орналастыру 2022 жылдың 25 тамыздан бастап жүргізіледі. Өтінімдер электрондық түрде университет сайтында (студенттің жеке кабинетінде https://cos.tou.edu.kz/authorization.php) 23 тамыздан беріледі. Оқу жылының төлемі (10 айы үшін) №1 Кампус - 90 000 тг. №2-107 000 тг құрайды. Төлем толық оқу жылына жасалынады! (Бөлеп төлеу қарастырылмайды). Төлемді Kaspi, Халық банкі қосымшасы, Еуразиялық банк терминалы (терминал бас корпустың фойесінде орналасқан) арқылы жүргізуге болады. Төлем жасағаннан кейін чекті электрондық поштаға жіберу қажет: okvsr.pgu@mail.ru. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арасындағы студенттер, 1,2 топтағы мүгедектер жатақхана төлемақысынан босатылады.

 

 

Кампусқа орналасу үшін сізде болуы керек:

1. Төлем туралы түбіртек (10 ай үшін)

2. Жолдау

3. Жеке куәлік (көшірмесі - 2 дана)

4. Фото 3х4 (3 дана)

5. Нарко, психо, туб. Анықтамалары, флюорография ("Торайғыров университеті" КЕАҚ Денсаулық сақтау пунктінен анықтама, каб.А1-117)

6. Байламбалы Папка 1 дана.

 

| 325
Толығырақ
2022-08-09 00:00:00

Құрметті «Энергетика» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарының 2 және 3 курстарының мердігер-студенттері.

 

«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС компаниясы гранттар мен шәкіртақылар бойынша оқуға конкурс жариялайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1. Ағымдағы GPA 3,0 баллдан төмен емес

2. Компания өкілімен әңгімелесу өткізіледі.

 

Өтініштер Студенттерге қызмет көрсету орталығында (СҚО) немесе cos.tou.edu.kz порталында https://cos.tou.edu.kz/authorization.php сілтемесі бойынша 2022 жылдың 04 тамызы мен 08 тамызы аралығында қабылданады.

| 324
Толығырақ
2022-08-04 00:00:00

Құрметті білім алушылар мен қызметкерлер!

 

«Торайғыров университеті» КЕАҚ  2022-2023 оқу жылына арналған «Білім беру қызметтеріне жеңілдіктер ұсыну» ережесіне сәйкес ерекше дарынды және талантты жастарды, халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарындағы студенттерді қаржылық қолдау мақсатында, сондай-ақ жоғары сапалы оқу үлгерімін ынталандыру, университеттің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін          2022 жылғы 03 тамыздан 26 тамызға дейін Студенттерге қызмет көрсету орталығында (СҚО) немесе cos.tou.edu.kz порталында https://cos.tou.edu.kz/authorization.php сілтемесі бойынша өтініштер қабылдайды.

Жеңілдікке үміткер студент (магистрант, докторант) демалыс кезінде (қысқы және жазғы) Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі – проректордың атына тиісті жеңілдік түрін ұсыну туралы өтінішті Студенттерге қызмет көрсету орталығында жазады. Өтінішке қоса барлық растау құжаттары берілуі тиіс.

Жалпы ереже сілтемеде көрсетілген https://tou.edu.kz/ru/?option=com_content&view=article&id=7835

| 321
Толығырақ
2022-08-03 00:00:00

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы ресми хатына сәйкес, Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымы «Зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізілді.

2025 жылдан бастап, ғылыми басылым Түркия Республикасының Башкент университетімен бірлесе шығарылады. Басылымда келесі бағыттар бойынша ғылыми мақалалар жарияланады:

-«Педагогикалық ғылымдар»;

-«Өнер және гуманитарлық ғылымдар»;

-«Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат»;

-«Бизнес, басқару және құқық»;

-«Қызмет көрсету».

Қатысуға шақырамыз:

- Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының студенттері, магистранттары, докторанттары, ізденуші-ғалымдар

- Педагогтердің ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалары

- Мектеп оқушылары мен жетекші-мұғалімдердің ғылыми жобалары

Мақала талаптары:

- Мақала автордың өз зерттеу жұмысы болуы керек, бұған дейін жарияланбаған.

- Мақала ғылыми зерттеу нәтижелерін қамтуы қажет.

- Мақала көлемі 10 беттен аспауы керек, арнайы форматта дайындалуы тиіс.

Мақалалар сараптама мен плагиатқа қарсы тексеруден өтеді.

Барлық ғылыми мақалалар 2025 жылдың 27 мамырына дейін қабылданады. Мақала электронды түрде және төлемақы түбіртегімен бірге «zertteushi.kz@gmail.com» электронды пошта арқылы қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін: 

Ләзиза Мырзантайқызы (+7 707 355 64 48)

Сайт: https://zertteushi-ortalygy.kz/

 

| 720
Zertteushi.pdf
Толығырақ
0025-04-04 00:00:00