С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың қоры «Журналист шығарма-шылығындағы жаңа инновациялық технологиялар « жаңа оқу құралымен толықтырылды, авторы Жұмасейт Қоғабайұлының журналистика саласындағы жарқын еңбек жолы мен қызметі. Журналистика және журналист дегеніміз – егіз ұғым.

Журналистика – белгілі бір саласы, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің басын құрайтын әлеу-меттік институт, қоғамдық өмір бейнесі. Ал журналистер – ақпараттар, хабарлар дайындап, шығармашылықпен шұқшия шұғыл-данатын мамандық иелері. Бұл ұғымдар журналистика саласында тынымсыз қыз-мет еткен журналистердің еңбек жолынан айқын көрінеді.

Жұмасейіт Қоғабайұлы 2005-2014 жж. С. Торайғыров атындағы ПМУ-де қыз-мет істейді. 2010-2011 жж. ПМУ доценті, профессоры академиялық атағына ие болды. Ол «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» (1967), Еңбек ардагері (1987), С. Торайғыров атындағы алтын медаль (2010), Павлодар облысына 75 мерейтой медальдерімен марапатталды.

Бижан Жұмасейіт Қоғабайұлы (24.02.1940, Павлодар облысының Краснокут-ск (қазіргі Ақтоғай) ауданының «Шұға» ауылында, дуниеге келген. Еңбек жолын 1957 ж. Краснокутск ауданының «Коминтерн» совхозында тракторшы болып баста-ды. 1958-1962 жж. Жаңа талап сегіз жылдық мектебінде мұғалім. 1962-1966 жж. Қарағанды педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойын-ша оқып бітірді. 1966-1976 жж. мұғалім, Краснокутск аудандық «Білім қоғамының» жауапты хатшысы, Қазақстан Компартиясы Краснокутск аудандық партия комтеті-нің нұсқаушысы, халық дептуттары Краснокутск аудандық атқару комитеті мәден-иет бөлімінің меңгерушісі.

2014 жылдың 10-ақпан күні Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында осы оқу құралының тұсау кесері өтті. Оқу құралының шығуымен Жұмасейіт Қоғабайұлын құттықтауға университет ұстаздары, ғалымдары, оқыту-шылары, студенттері қатысты.

Оқу құралының тұсау кесерімен университеттің ұстаздарының құттықтауы: С. Торайғыров атындағы педагогика ғылымдарының докторы Жұматаева Еңлік Өсер-байқызы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының филология ғылым-дарының докторы, профессор Сүтжанов Сейфидден Назымбекұлы, Павлодар мем-лекеттік университетінің журналистика кафедрасы, тарих ғылымының кандидаты Мананбаев Жеңіс Исаұлы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универ-ситетінің шетел филологиясы кафедрасының профессоры, Жармакин Олжабай Қай-кенұлы.

Журналистика саласындағы көп жылдан бері еңбек еткен әріптестері, шығар-машылық жолында қызметтес болған достары, қазірге дейін достық қарым-қаты-настағы қонақтар да осы оқу құралының тұсау кесеріне қатысуда. «Сарыарқа Сама-лы» газетінің бас редакторы Әбишев Асыл Әлімжанұлы, «Қазақстан-Павлодар» фи-лиалы директорының орынбасары Иманғазы Гүлжанат Жеңісқызы.

«Жақсы сөз жарым ырыс» - дегендей , Жұмасейіт Қоғабайұлы жайында келген қонақтардың тілектері де, бұл кісінің қажымас қайраттығына, адал еңбегіне, ең-бексүйгіштігіне шын жүректен алғыстарын білдірді.

Жұмасейіт Қоғабайұлының бұл оқулықтан басқа да, жазған кітаптары бар. «Замандастар тағылымы», С. Мағзумовпен бірігіп жазған «Ардақты елім Ақтоғай», «Дала уалаяты» газеті (1888-1902): жеке тұлға және қоғам» монографиясы, 50 –ге жуық ғылыми статьясы, шығармашылық телерадио бағдарламасы «Көзқарас», «Дәуір».

Ғылыми педагогикалық орталығының директоры философия ғылымының кандидаты Құдабаев Амантай Жетпісұлының басқаруымен өлке мәдениеті, этно-графия және тарихын зерттейтін алдыңғы қатарлы орталықтың бірі болып табыла-ды. Бұл орталықта энциклопедия басылымдары, монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары, альбомдар дайындалады.

Жұмасейіт Қоғабайұлының қатысуымен негізгі халық ақындары мен компози-торлары, әнші Естай Беркімбай туралы, Олжабай батыр туралы және де Олджас Сү-лейменұлының арнайы жобасы туралы көптеген басылымдар дайындалуда.

Іс шарамызды қорытындай келе сіздің «Журналистика шығармашылығындағы жаңа инновациялық технологиялар» тақырыбы бойынша жазылған оқу құралы бо-лашақ журналистерге білім беру үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды игеруге байланысты заманауи талаптарды жүзеге асыруды жеделдетуге өзіндік мүм-кіндік береді деп санаймыз.

Шығармашылық жолыңыз әрдайым ашық болсын, денсаулығыңыз берік болсын.

Кітапханашы: Жакауова Г.Е.