Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында филология кафедрасының студенттері мен магистранттары «О героях былых времен…» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

 

 

Кездесу қатысушылары Ұлы Отан соғысының негізгі оқиғаларына тоқталды: Ленинград блокадасы, Сталинград ұрысы және Мәскеу түбіндегі ұрыс. Сонымен қатар, қазақстандық-жауынгерлердің ерлігін еске алды. Сонымен қатар, байланысшы, зенитші, барлаушылар, медбикелер ретінде Жеңісті жақындатқан әйелдер туралы әңгіме қозғалды.

Жамбыл Жабаев пен Юлия Друнинаның шығармаларын мәнерлеп оқып, соғысты көрген куәгерлердің тарихымен бөлісті.

МФр-12н тобының магистранты Маржан Сахимзадина соғыста ерлік көрсеткен павлодарлықтардың ерекше рөлін атап өтті.

«46 мыңнан астам павлодарлық майданға аттанды. Олардың 22 мыңнан астамы қайтыс болып, хабар-ошарсыз кетті. 10 мыңнан астам жерлесіміз орден мен медальдермен марапатталды.  Ал 23 павлодарлық Кеңес Одағының батыры атынды. 8 әскери Даңқ орденінің үш деңгейінің кавалері атанды».

Кездесу соңында жиналғандар соғыста қаза тауып, от кешкен азаматтардың ерлігін ұмытпай, есте сақтау қажеттілігін жеткізді.