"Сәулет және дизайн" кафедрасының оқытушылары "Во благо" қайырымдылық жобасына үн қосып, дағдарыс орталығында болды. Олар тұрмыстық қатыгездікке ұшыраған әйелдермен кездесті.


Арт-терапевтикалық көмек барысында ересектер жеке және топпен жұмыс істейді.


"Арт-терапияның психологиялық көмегі шығармашылық және бейнелеу өнері қызметімен байланысты. Басты мақсат - тұлғаның өзін көрсету және тану арқылы үйлесім табуға сеп болу. Осындай әдіс негізгі және қосалқы да болады", - дейді Жанна Темербаева.