«Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру» Эразмус+ жобасы
_______________________________________________________________________
Жоба магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру және институционалдық әріптестікті дамыту арқылы ауыл және орман шаруашылығы үшін мамандар даярлау саласындағы Қазақстан, Моңғолия, Ресей және ЕО арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту – өзекті міндеттерді шешуге арналған.
Бұл міндет халықаралық, ұлттық және өңірлік еңбек нарықтарының сұраныстарына сәйкес әріптес елдердегі кәсіби білімді жаңғырту және жетілдіру, түлектерді даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ экологиялық орнықты дамудың және өңірлердің тыныс-тіршілігі қауіпсіздігінің негізгі проблемаларын шешу қажеттілігіне негізделген. Жоба Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Германия, Ұлыбритания және Греция университеттері мен ұйымдарының күш-жігерін біріктіреді.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жобаның жоғары оқу орны -координаторы болып табылады. Оны жүзеге асыруға тікелей серіктес ретінде Торайғыров университеті қатысады.
Жобаның ұзақтығы
2020 - 2023 (2024 жылға дейін ұзартылды)
Координаторлар
- ЕО тарапынан: проф. доктор Маттиас Хутц, педагогикалық университет (Фрайбург қ., Германия)
- Еуроодақтың әріптес елдері тарапынан: Абдраманов Абзал Асқарбекұлы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Алматы, Қазақстан)
Серіктестер
Педагогикалық университет, Фрайбург қ, Германия (жоба координаторы және ЕС-бен субконтрактор);
Астон университет, Бирмингем қ., Ұлыбритания;
Аристотель Университеті, Салоники қ., Греция;
Тюмень мемлекеттік университеті, Тюмень қ., РФ;
Алтай мемлекеттік аграрлық университеті, Барнаул қ., РФ;
Красноярск мемлекеттік аграрлық университеті, Красноярск қ., РФ;
Казақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Казақ ұлттық аграрлық университеті), Алматы қ., Казақстан;
Торайгыров университеті / С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, г. Павлодар, Казахстан (ЕО мемлекет-серіктестерінен консорциум координаторы);
Монғолия улттық университеті, Улан-Батор қ., Монғолия;
Монғолия жаратылыстану ғылымдары университеті, Улан-Батор қ., Монғолия;
ШСҚ «Молекулярлық және клеткалық биоинженерия орталығы», Тюмень қ., РФ;
Тобольск жүйелі ғылымс станциясы, Тобольск қ., РФ.
Байланыс
Проф., д-р Маттиас Хутц
Педагогикалық университет (Фрайбург қ.)
Англистика институты
Кунценвег көш., 21
D-79117
Германия
Абдраманов Абзал Аскарбековичэ
Халықаралық рейтингі басқармасының бастығы,
Казақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
050010, Алматы қ., Абая даңғылы, 8
Исаева Куралай Сметкановна,
«Биотехнология» кафедрасының меңгерушісі,
Торайғыров Универитеті,
140008, Павлодар қ., Ломов көш., 64
Тел.: 8 (7182) 67-36-85 (12-94 ішкі)
_______________________________________________________________________
Жобаны іске асыру
«Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру» Эразмус+ жобасы
«Ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды ағылшын тілінде оқыту арқылы интернационалдандыру» (IMPROvE_AGRO) Эразмус+ жобасы бойынша іс-шараларды іске асыру жұмыс пакеттеріне (ЖП) сәйкес жүзеге асырылады, олардың әрқайсысы жобаның нақты мақсатымен байланысты.
ЖП 1. Жобаны іске қосуға дайындық шаралары: FUE, ТюмМУ
1.1. Консорциумның құқықтық шеңбері
1.2. Жобаны іске қосу
ЖП 2. Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы (АШжОШ) саласындағы магистрлік бағдарламаларды (МБ) жаңғыртудың әдіснамасы мен стратегиясын әзірлеу: AU, ТюмМУ, ҚазҰАУ
2.1. Пәнаралық жұмыс топтарын (ПЖТ) қалыптастыру
2.2. МБ шеңберінде таңдаулы модульдерді/курстарды жаңғырту және интернационалдандыру үшін білім қауымдастығын құру
2.3. Модульдерді/курстарды ағылшын тілінде оқыту мақсатында модернизациялау әдістемесін әзірлеу (English Medium Instruction-EMI).
2.4 АШжОШ магистрлік бағдарламаларын оқытуға EMI интеграциялау стратегиясын анықтау.
ЖП 3. Оқу бағдарламаларын жаңғырту үшін жоғары оқу орындары аралық пәнаралық команданы (Task Force) қалыптастыру: AUTH, AU, ПМУ
3.1. Ағылшын тілі оқытушыларын заманауи EMI және CLIL әдістемелері саласында кәсіби қайта даярлау.
3.2. EMI және CLIL тәсілдерін қолдану әдіснамасы саласында серіктес - ЖОО-лардың академиялық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
3.3 Консорциумның серіктес жоғары оқу орындарында оқу ортасын жаңғырту.
ЖП 4. АШжОШ (AUTH, ҚазҰАУ, КМАУ, MULS) бойынша магистрлік бағдарламалар үшін оқу модульдерін/курстарын әзірлеу / жаңғырту
4.1. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын келісу және бекіту
4.2. Пәнаралық жұмыс топтарының ECTS негізіндегі курстарын әзірлеу / жаңарту.
ЖП 5. Интерактивті қашықтықтан оқыту үшін әлеуетті құру (FUE, КМАУ)
5.1. Қашықтықтан оқытудың сандық платформасын құру
5.2. Ағылшын тілінде оқыту ресурстарының институционалды электронды кітапханасын құру,
ЖП 6. Әзірленген модульдерді/курстарды/МБ (MULS, АМАУ, ҚазҰАУ) ендіру
6.1. Әзірленген курстарды серіктес жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына интеграциялау және оларды EMI негізінде аралас/қашықтықтан оқыту (Blended/Distance Learning) режимінде оқыту.
ЖП 7. КМАУ, FUE, ПМУ, num жобасының сапасын тиімді бақылау және мониторингі
7.1. Сапаны қамтамасыз ету жоспарын орындау
ЖП 8. Жоба нәтижелерін сәтті тарату (ПМУ, NUM, ТюмГУ)
8.1. Жоба нәтижелерін кеңінен тарату
ЖП 9. Жобаны тиімді басқару (FUE, ТюмМУ)
_______________________________________________________________________
Нәтижелер
«Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру» Эразмус+ жобасы
Күтілетін нәтижелер:
- Жоба бағыты бойынша 3 ақпараттық ресурс; ағылшын тіліндегі арнайы мәтіндер мен терминдер корпусы;
- Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы бойынша 8 жаңа / жаңғыртылған магистрлік бағдарлама;
- Тиісті оқу материалдары бар 24 жаңа модуль/курс ағылшын тілінде (EMI)әзірленеді және оқытылды;
- Қашықтықтан оқытуға бейімделген 12 модуль / курс;
- білім беру интернет-платформасымен жұмыс істеуге арналған нұсқаулық;
- әзірленген онлайн ресурстарға ашық қол жеткізу;
- ағылшын тілінде әзірленген курстарды басқа білім беру бағдарламаларына енгізу, мысалы, бакалавриат, біліктілікті арттыру курстары және т. б.
_______________________________________________________________________
Ақпаратты тарату
«Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру» Эразмус+ жобасы
Strategiya-rasprostraneniya-rezultatov_IMPROvE_AGRO_2020_EN.pdf
https://www.facebook.com/improveagro.erasmus.9
https://www.instagram.com/improve_agro_kazakhstan/
Іс-шаралар
«Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру» Эразмус+ жобасы
Жобаны басқару
«Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру» Эразмус+ жобасы
https://www.kaznaru.edu.kz/page/Erasmus_IMPROvE_AGRO/
Сапаны бақылау
«Ағылшын тілінде оқыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы магистрлік бағдарламаларды интернационалдандыру» Эразмус+ жобасы
Білім беру өнімдерінің сапасын бақылау және жобаны іске асырудың тұрақты мониторингі консорциум үшін маңызды бөлігі болып табылады. Сапаны қамтамасыз ету процестері мен құралдарының әдіснамасы мәселелерін серіктестер 2020 жылдың наурыз айында жобаның ашылуына арналған алғашқы жұмыс конференциясында талқыланды және үнемі жетілдіріліп отырады.
Сапаны бақылау жөніндегі қызметті айқындайтын негізгі жұмыс құжаттары келесілер болып табылады:
Quality-Assurance_-Road-Map_RU.pdf
Strategy_QA_IMPROVE_AGRO_EN_2021.pdf
Plan_Quality_Control_IMPROvE_AGRO.pdf
Тиісті департаменттердің өкілдері мен барлық серіктес жоғары оқу орындарының академиялық қызметкерлерін қамтитын сапаны бақылау жөніндегі халықаралық топ (СБХТ) құрылды.
Консорциумға мүше елдердің әрқайсысында ауыл шаруашылығы секторының өкілдері кіретін сыртқы сарапшылар тобы құрылды.